«Мерейлі отбасы-2024» конкурсына өтінімдерді қабылдау аяқталды. Биыл конкурсқа қатысу үшін 3369 үміткерден өтініш түскен, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, 10 жыл ішінде байқауға 20 мыңнан астам отбасы қатысқан.
«Өтінімдердің басым бөлігі Қарағанды, Жетісу, Қызылорда облыстарында, сондай-ақ Астана мен Алматыда қабылданды. Ұлытау, Атырау, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарының тұрғындардың белсенділігі төмен болды. Өтінімдер тек қатысушылардың атынан ғана берілмеді, 1482 отбасын ұйымдар мен еңбек ұжымдары ұсынды. Дәстүр бойынша «Мерейлі отбасы» конкурсының марапаттау рәсімі Отбасы күні қарсаңында өткізіледі. Жеңімпаздар 1 миллион теңгеден алады», - деп хабарлады министрлік.
Айта кетейік, 10 жыл ішінде ұлттық байқауға 20 мыңнан астам отбасы қатысқан.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
«Заң және тәртіп»: Жуалыда прокурорлар жастармен кездесу өткізді
- авторjambylinfo.kz
- 20 желтоқсан, 2024
Енді мұғалімдерді балағаттағандар қомақты айыппұл арқалайды
- авторjambylinfo.kz
- 18 желтоқсан, 2024