Жамбыл жаңалықтар

Биыл Тараздағы 45 763 оқушы жазғы лагерьлерде демалады

Олардың біразы мектеп жанындағы лагерлерге баратын болса, біразы сауықтыру орындарына жіберіледі

Биыл оқу жылының соңғы күні – 25 мамыр. Ал 26 мамырдан бастап оқушылардың жазғы демалысы басталады. Тараз қалалық білім бөлімінің басшысы Раушан Қожамжарова биыл балалардың жазғы демалысы мектептерде 2 бағытта өтетінін мәлімдеді, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Раушан Қожамжарованың айтуынша, биыл оқушылардың жазғы демалысы тиімді ұйымдастырылады және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін білім мекемелеріндегі жауапты педагогтерге семинарлардан өткен. 

Сондай-ақ Раушан Қожамжарова мектеп жанындағы демалыс алаңдарына қамтылатын  70 мыңнан аса оқушы жазғы демалыста шығармашылық, спорттық, еңбек және т.б. бағыттарға бөлініп, ұлттық, танымдық іс-шараларға тартылатынын атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, облыс әкімі Ербол Қарашөкеев балалар кез келген жерде өздерін қауіпсіз сезініп, ойларын ашық айтуы керек деген еді.