жексенбі, 6 қазан, 2024 1:12

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Биыл Жамбыл облысында 5 адам суға батып көз жұмды

Биыл Жамбыл облысында 5 адам суға батып көз жұмды
ашық дереккөзі
Биыл Жамбыл облысында 5 адам суға батып көз жұмды
Жамбыл құтқарушылары тұрғындарды судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады. Павлодарда мас болып суға түскен 30 жастағы жігіт Ертіс өзеніне батып кетті ШҚО-да 15 жасар бозбала суға батып кетті Петропавлда 12 жасар бала суға кетті Қарағанды облысында суға батып кеткен ер адамның денесі табылды Кейде тұрғындар суға шомылу барысында судағы қауіпсіздік ережелерін ескермей, салдарынан қайғылы жағдайлар болуы ықтимал. Мысалы, Жамбыл облысында биыл 4 адам суға кетіп қаза болған. Ал 5 адам құтқарылған. Осыған байланысты Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметінің құтқарушылары күн сайын Тараз қаласы мен облыс аумағындағы су көздері мен өзен жағалауларын, сондай-ақ бассейндерді арнайы арналап, суға шомылу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау жөнінде түсіндіру жұмысын жүргізіп, жаднама таратып жүр. «Құрметті Тараз қаласы мен облыс тұрғындары! Жамбыл облысы ТЖ департаменті жалғыз адамның таныс емес су көздеріне суға шомылуына мүлдем болмайтындығын, тек шомылуға арналған бассейндерде ғана қауіпсізідк ережелерін қатаң сақтап шомылу қажеттігін ескертеді. Ал кішкентай балаларды қараусыз қалдырмау қажеттігін кез келген ата-ана білуі тиіс. Сондай-ақ алкогольді ішімдік пайдаланып немесе тамаққа шектен тыс тойып суға шомылудан аулақ болу қажет. Өз өміріміз өз қолымызда екенін ұмытпайық» деп ескертеді құтқарушылар.  
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар