сенбі, 23 қараша, 2024 9:28

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облысында имамдар мен мешіт қызметкерлері жаппай вакцина салғызып жатыр

Жамбыл облысында имамдар мен мешіт қызметкерлері жаппай вакцина салғызып жатыр
ашық дереккөзі
Жамбыл облысында имамдар мен мешіт қызметкерлері жаппай вакцина салғызып жатыр
Жамбыл облысында имамдар мен мешіт қызметкерлері жаппай вакцина салғызып жатыр. Қазақстанда қанша адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды Коронавирусқа шалдыққан 2 мыңға жуық науқастың жағдайы ауыр – министрлік Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 140 адам қайтыс болды Коронавирустан бір тәулікте 5,5 мың адам жазылды Бүгін де аймақтың бас имамы бастаған бір топ дін өкілдері қалалық 5-ші емханада екпе алды. Жалпы өңірде 319 мешіт болса, онда 450 адам жұмыс істейді. Қазір олардың 80 пайызы вакцина алған. Дені QazVac екпесін салдыруға ниетті. «Бұл отандық өнімге көрсеткен қолдауымыз әрі сенім артуымыз», - дейді олар. Облыста қауіпсіздік мақсатында бас санитарлық дәрігердің қаулысымен жұма намазы оқылмайтын болып шешілді. Жалпы өңір бойынша 18 жастан жоғары 582 мың адамды коронавирус инфекциясына қарсы вакцинациялау жоспарланған. Қазіргі таңда ол 50 пайызға орындалып отыр. «Халықпен көбірек имамдар жұмыс істейді. Сондықтан имамдар қауымына да көбірек насихат жүргізіп жатырмыз. Себебі әртүрлі жағдай болады. Былтыр имамдардың арасында біраз дін қызметкерлері дүниеден озды. Сондықтан да біз ғылымның жеткен жетістігіне амал етейік деп екпе салдырып отырмыз. Шариғатта да бұл екпе салдыруды құптайды», - дейді Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев.  
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар