сенбі, 23 қараша, 2024 4:58

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Таразда заңсыз салынған 59 нысан анықталды

Таразда заңсыз салынған 59 нысан анықталды
ашық дереккөзі
Таразда заңсыз салынған 59 нысан анықталды
Тараз қаласының әкімі Ержан Жылқыбаевтың төрағалығымен өткен аппараттық жиында мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы, қаладағы бей-берекет орналасқан сауда орындарын ретке келтіру жұмыстары, «сақалды», заңсыз, «қызылсызық» талаптары сақталмай салынған құрылыс нысандары, және жер телімдерін заңсыз иелену мәселелері сараланды. Бірқабатты Шығыс: ШҚО-да бағдарлама аясында 500-ден астам көпқабатты үй салынып жатыр Семейде екі жаңа мектеп салынып жатыр Таразда 456 нысан «Ashyq» қосымшасымен жұмыс істейді Өскеменде көтерме-тарату орталығы салынады «Еңбек» бағдарламасы аясында биыл 7501 адамды жұмыспен қамту жоспарланса, бүгінде ол 92,1% орындалған. Бағдарлама аясында 270 адам қысқа мерзімдік курстардан өтуде «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне 900 адам оқуға жолданып, 857 адам сертификат алған. Сондай-ақ, «Қауіпсіз мектеп» пилоттық жобасы аясында 7 мектепке турникет және 60 мектепте дабыл түймесін орнату жұмыстары жүргізілуде. «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында бүгінде «Құмшағал», «Шөлдала» шағын аудандары мен 28 саяжай алабын, «Шалғай Қарасу 1,2,3,4,5,6,7» тұрғын алабтарын электрмен жабдықтау жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда «Көктем» тұрғын алабына газ тарату желісінің екінші кезеңі бастау алса, Құмшағал алабындағы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым желілері пайдалануға беріледі деп күтілуде. Жалпы Тараз қаласында 35 «Сақалды құрылыс» нысаны анықталып, иелерімен түсіндіру жұмыстары өткізілген. Нәтижесінде бір нысанның құрылысы толық аяқталып, 11 нысанның құрылыс- монтаждау жұмыстары жүріп жатыр. Қалған 23 нысанның иелеріне шара қолдану мақсатында құжаттары сотқа жолданған. Қала аумағында «қызыл сызық» нормаларын бұзып, заңсыз құрылыс жүргізген 59 нысан анықталып, 44 нысан иесіне айыппұл салынды. Қалған нысандарға қатысты тиісті жұмыстар жүргізілуде. Жиын соңында қала әкімі «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында іске асырылып жатқан жобаларға талдау жасауды, жалпы бағдарламалар аясындағы көрсеткіштерді арттыру бағытында тиісті жұмыстарды қолға алуды және білім мекемелеріне турникеттер орнату бойынша жұмыстарды жеделдетуді тапсырды.  
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар