жұма, 22 қараша, 2024 23:52

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Әлемде коронавирус инфекциясына қатысты ахуал қандай

Әлемде коронавирус инфекциясына қатысты ахуал қандай
ашық дереккөзі
Әлемде коронавирус инфекциясына қатысты ахуал қандай
Қазақстанда коронавирустың таралуына қарсы ведомствоаралық комиссия әлемдегі эпидемиологиялық жағдайға шолу жасады. Үндістанда бір күнде коронавирустан 500-ге жуық адам қайтыс болды. COVID-19 жұқтырудың тағы 39 070 жағдайы анықталды. КВИ фактілерінің жалпы саны 31 934 455 жетті. Осы уақытқа дейін COVID-19 індеті елде 427 862 адамның өмірін қиды. Қазіргі уақытта Үндістанда ауруханалардың қарқынды терапия палаталарында 406 822 азамат ем қабылдауда. Ауру жұқтырғандардың 43 910-ы сауығып, ауруханадан шығарылды. Тәулігіне 22 866 жаңа COVID-19 жұқтыру дерегі тіркеліп, 787 адам қайтыс болды, мұндай мәліметтерді Ресейдің коронавирустың таралуына қарсы жедел штабы жариялады. Ең көп фактілер Мәскеуде (2 761), Санкт-Петербургте (1 907) және Мәскеу облысында (1 527) анықталды. Жалпы, пандемия басталғаннан бері Ресейде 6 447 750 COVID-19 және 164 881 адам қазасы тіркелді. 18 қаңтардан бастап Ресейде COVID-19-ға қарсы ауқымды вакцинация жүргізілуде. Қазіргі уақытта елде коронавирусқа қарсы төрт вакцина тіркелген: «Спутник V», «Спутник Light», «ЭпиВакКорона» және «КовиВак». Гваделупа елде COVID-19 жағдайларының күрт өсуіне байланысты вакцинация қарқынын күшейтіп жатыр. Француз аралында жансақтау бөліміне түсіп жатқан науқастардың көптігінен материкке алғашқы медициналық эвакуациялауды жүзеге асыруға тура келді. Бұл туралы жұмада Гваделупа префектурасы мен аймақтық денсаулық сақтау агенттігінің бірлескен коммюникесінде айтылды. Елде 4 күнде 4178 жаңа дерек және 4 өлім жағдайы тіркелді. Австралияның жаңа Оңтүстік Уэльс штаты коронавирустық инфекциялар деңгейінің тағы бір рекордтық өсуі туралы хабарлады: сенбіде 319 жағдай тіркелді, 5 адам қайтыс болды. Оңтүстік Уэльстегі жағдайға байланысты Австралияның 3 ірі қаласы бұғатталды. Елдің екінші ірі қаласы болып табылатын Мельбурн билігі індеттің таралу көзін табуға тырысуда. Сиднейде оқшаулау режимі жетінші аптаға созылды, бірақ инфекция таралуы тоқтаған жоқ. Денсаулық сақтау министрі Брэд Хаззард отандас азаматтардың басым бөлігі санитарлық шараларды сақтамағанына наразылық білдірді. Бангладеш билігі қатаң оқшаулау режимін ұзартты және апта сайын 10 миллион адамды вакциналау жоспарын жариялады: ел COVID-19 вирусын жұқтырудың күрт өсімімен күресіп жатыр. Вакцинация науқанына ел бойынша 14 мың медициналық орталықта ондаған мың медицина қызметкері жұмылдырылды. COVAX бастамасы бойынша вакциналар Қытай мен АҚШ -тан жеткізілді.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар