жұма, 22 қараша, 2024 18:11

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Биыл Жамбылда 2 заңсыз құмар ойын бизнесін ұйымдастыру деректері анықталған

Биыл Жамбылда 2 заңсыз құмар ойын бизнесін ұйымдастыру деректері анықталған
Фото - ӨКҚ
Заңсыз контенті бар 343 сілтеме бұғатталған

Жамбыл облысында биыл 2 заңсыз құмар ойын бизнесін ұйымдастыру деректері анықталған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Руслан Қасымовтың айтуынша, ағымдағы жылдың 6 айында Тараз және Шу қалаларында 2 заңсыз құмар ойын бизнесін ұйымдастыру деректері анықталған.

  •  Аталған фактілер бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 307-бабы бойынша қылмыстық істер тіркеліп, сотқа жолданды. Осы заңсыз контенті бар 343 сілтеме бұғатталды. Өткен 5 жылда Департамент қызметкерлерімен заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырудың 42 дерегі анықталып, 38 қылмыстық іс сотқа жолданды. Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру деректерінің ең көп саны Тараз қаласында - 18 дерек, Шу қаласы бойынша - 10 дерек, Қордай ауданында - 6 дерек анықталды,- деді Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы.

Лудоманияны бір ғана құқық қорғау органының күшімен жою мүмкін емес деген департамент басшысы келеңсіз құбылыстың алдын алу шаралары қалай жүргізілетінін де айтты.

  • Біз барлық кәсіпкерлер мен азаматтарды Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтай отырып, заңды негізде жұмыс істеуге, салықты адал төлеп, ресми өнім өндіретін басқа да кәсіпкерлер мен өндірушілерді құрметтеуге шақырамыз. Экономикалық құқық бұзушылық фактілері туралы, Сіз «AFM Insider» телеграм ботына хабарлай аласыз. Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторингі агенттігінің «Байқа, пирамида» Telegram боты, компанияның, жобасының немесе сайттын қаржылық пирамида белсенділігінің белгілерін тексеру мүмкіндігін береді. Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігінің сайтында қаржылық пирамидалардың тізімі берілген,- деді Руслан Қасымов.
Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар