жексенбі, 6 қазан, 2024 2:54

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Болашақ чемпиондармен кездесті

Болашақ чемпиондармен кездесті
ашық дереккөзі
Болашақ чемпиондармен кездесті

Жамбылдық боксшы, 2004 жылы Афинада өткен жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы, Велл Баркер кубогының иегері Бақтияр Артаев Тараз қаласындағы Жамбыл атындағы №5 мектеп-гимназиясында аталған білім ордасының оқушыларымен «ZOOM»  бағдарламасы арқылы онлайн кездесу өткізді. Ал, спорт үйірмелеріне қатысып жүрген үздік оқушылар Олимпиада чемпионымен тікелей жүздесуге мүмкіндік алды.

Кездесуді аталған мектеп-гимназия директоры Салтанат Төлеу ашып, Шерхан Мұртаза, Өмірбек Байгелді, Мырзатай Жолдасбеков секілді тұлғалар білім алған бұл білім ордасында қазір екі мыңнан астам шәкірт білім алып жүргенін, олардың көпшілігі спортқа бейім екеніне, чемпионмен кездесу оларға керемет әсер, серпіліс сыйлайтынына тоқталды.

Мұнан соң Олимпиада чемпионы Б. Артаев спортқа қалай келгені, жеке бапкері Нұрлан Ақүрпеков жайлы, еңбекқор, үлгілі, тәртіпті баладан чемпион шығатыны жайында кеңінен әңгімеледі.

Өз кезегінде бокс үйірмесіне қатысып жүрген, жасөспірімдер арасында Тараз қаласының чемпиондары Алмас Жақып пен Ұлар Қанатжан өздерінің Олимпиада чемпионы болуды армандайтындарын айтты. Ал Бақтияр Артаев «Көп еңбектенсеңдер чемпион боласыңдар» деп, оларға былғары бокс қолғабын сыйға тартты.

Бұдан соң Бақтияр Ғарифоллаұлы жүзу бассейіні, шахмат бөлмесін, мектеп музейін аралап, «Естеліктер кітабына» қолтаңбасын қалдырды.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар