«Даму қарқыны төмен». Қарашөкеев аппараттық кеңесте шенеуніктерді сынады
- авторМағжан Орынбасар
- 24 желтоқсан, 2024
- 109
Облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте 2024 жылдың қаңтар-қараша айларындағы облыстың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері, бюджеттің атқарылуы және жыл қорытындысы бойынша болжамдар жан-жақты талқыланды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Кеңесте облыстың экономикалық дамуының жалпы жағдайы ғана емес, сонымен қатар қала мен аудан деңгейіндегі жетістіктер мен проблемалық мәселелер де егжей-тегжейлі қаралды.
Облыс әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Сандуғаш Абдралиева өз баяндамасында облыс экономикасындағы негізгі көрсеткіштерге тоқталды. Басқарма басшысының мәліметінше, жыл басынан бері облыстың экономикалық өсімі 104,1 пайызды құраған. Бұл көрсеткіш өнеркәсіп (101,3 пайыз), құрылыс (118,0 пайыз), тұрғын үй (104,7 пайыз), сауда (102,8 пайыз), көлік (111,7 пайыз) және байланыс (108,5 пайыз) салаларындағы өсім есебінен қамтамасыз етіліпті. Сонымен қатар негізгі капиталға 415,4 миллиард теңге инвестиция тартылған. Алайда өңірдегі жұмыссыздық деңгейі 4,8 пайызды құраса, инфляция 105,6 пайызға жеткені атап өтілді.
Өнеркәсіп саласында жыл басынан бері 814,7 миллиард теңгенің өнімі өндіріліп, өсім тау-кен өндіру саласында 1,3 пайызға (105,3 миллиард теңге), электрмен жабдықтау саласында 16,9 пайызға (169,1 миллиард теңге), сумен жабдықтау саласында 9,5 пайызға (6,6 миллиард теңге) артқан. Ауылшаруашылығы саласында 454,2 миллиард теңгенің өнімі өндіріліп, бұл көрсеткіш малшаруашылығындағы өнім көлемінің 2 пайызға көбеюі (167,5 миллиард теңге) есебінен қамтамасыз етіліпті.
Құрылыс саласында да айтарлықтай өсім байқалады. 2024 жылы құрылыс жұмыстарының көлемі 239,3 миллиард теңгені құрап, 2023 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 18 пайыз өсім көрсетіпті. Сондай-ақ 635,7 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, бұл көрсеткіш 4,7 пайызға өскен. Сауда айналымы 871,1 миллиард теңгені құрап, 2,8 пайызға, оның ішінде бөлшек сауда айналымы 3,9 пайызға (475,6 миллиард теңге), көтерме сауда 1,5 пайызға (393,6 миллиард теңге) ұлғайған.
Көлік қызметтері де қарқынды дамып келеді. Жалпы алғанда, көлік қызметтерінің көлемі 540,5 миллиард теңгені құрап, бұл көрсеткіш 111,7 пайызға өскен. Оның ішінде жүк тасымалы 10,8 пайызға (45,0 миллион тонна), жүк айналымы 6,2 пайызға (40,3 миллиард тонна-шақырым), жолаушылар тасымалы 14,9 пайызға (63,0 миллион адам), ал жолаушылар айналымы 18,8 пайызға артқан.
Аймақ басшысы әсіресе көрсеткіштерді қолдан жақсартуға тырысу, жалған мәліметтер ұсыну секілді әрекеттерге қатаң тыйым салынатынын ескертті. Нақты деректер негізінде жұмыс істеудің маңыздылығын атап өтіп, барлық есептерді мұқият тексеруді тапсырды. Көзбояушылық әрекеттердің облыстың дамуына кері әсерін тигізетінін, сондықтан шынайы және тиімді жұмысты қамтамасыз ету үшін жауапкершілікті күшейтуді талап етті.
Жиын соңында Ербол Қарашөкеев облыс экономикасының тұрақтылығын сақтау және көрсеткіштерді жақсарту үшін нақты шаралар қабылдау қажеттігін баса айтты. Ол облыс тұрғындарының әлеуметтік жағдайын арттыру және инвестициялық тартымдылықты күшейту бойынша кешенді жұмыстар жалғасын табатынын жеткізді.
Аппарат жиынында қаузалған келесі мәселе – есепті кезеңде бюджеттің орындалуы бойынша облыс әкімдігі қаржы басқармасының басшысы Батырхан Әкектің баяндамасы тыңдалды.
Жиын соңында Ербол Қарашөкеев аудан әкімдері мен тиісті басқарма басшыларын жеке тыңдап, әрқайсысына нақты тапсырмалар жүктеді.
Бүгін ақын Фариза Оңғарсынованың туғанына 85 жыл толды
Ұқсас жаңалықтар
Жамбылда балаларға арналған Президент шыршасы өтті
- авторМағжан Орынбасар
- 24 желтоқсан, 2024
Бүгін Бауыржан Момышұлының туғанына 114 жыл толды
- авторМағжан Орынбасар
- 24 желтоқсан, 2024