Даудың барлығын сотта шешу мүмкін емес
Өткен жылы облыс бойынша кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына мен 2022 жылдың 12 айында 775 талап қоюлар түсіп, оның ішінде 661 талап қоюлар судьяның өндірісіне қабылданды. Жалпы, барлығы 643 азаматтық істер аяқталды. Ал медиация тәртібімен 85 іс қысқартылды.
Мәселен, талап қоюшы А.С. жауапкер А.Н. кәмелетке толмаған баласының тұрғылықты мекен жайын анықтау туралы талап арызбен сотқа жүгінген. Атап айтқанда, азаматтық істі сот талқылауына дайындық барысында тараптар судья-медиатордың көмегіне жүгініп, дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келіп, оны бекіту жөнінде сотқа өтініш-хат ұсынған. Тараптардың ортақ келісімдері бойынша олардың кәмелетке толмаған баласы С.С.-ның тұрғылықты мекен жайы әкесімен белгіленіп, айына екі рет аптаның екі күні, яғни сенбі, жексенбі күндері анасымен кездесіп және телефон арқылы сөйлесіп тұруына, сондай-ақ барлық (жазғы, күзгі, қысқы) демалыстардың тең жартысын анасымен өткізуіне кедергі жасамауы көрсетілген. Сонымен қатар, тараптар жасы кәмелетке толмаған балаларының көзінше өздерін мәдениетті, салиқалы ұстап, баланың психикалық денсаулығы мен оның адамгершiлiк жағынан дамуына зиян келтiрмейді және бұл тәртіп тараптардың туыстарына да қатысты делінген. Осыған байланысты, талап қоюшы А.С. жауапкер А.Н. кәмелетке толмаған балаларының тұрғылықты мекен жайын анықтау туралы талап арызы бойынша тараптар арасында дауды сотта медиация тәртібімен реттеу туралы татуласу келісімін бекітілді. (соттың ұйғарымы заңды күшіне енген).
Жалпы, біз де дауды тек сот шешеді деген көзқарас қалыптасып қалған. Сәл дау туса, дереу сотқа жүгінеміз. Барлық нәрсені тек қана сотта ғана шешкіміз келіп тұрады. Ал даудың барлығын сотта шешу мүмкін емес. Яғни, екі тараптың талаптарын соттың қанағаттыра алмайды. Бір тарап ұтады, ал екіншісі ұтылады. Осыған орай, дауларды сотқа дейін немесе сотта тараптарды келісімге келтіру қарастырылған. Араздасқандарды татуластыру біздің дәстүрімізде де бар. Мұны ата-бабаларымыздан мирас болып қалған ұлттық құндылықтарымызға да жатқызуға болады. Бастысы, бітімгершілік – тараптар үшін ең тиімді тәсіл.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
400-ден аса жас сарбаз ант қабылады
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл жаңалықтар
Жамбылда 8 мәдениет нысаны ел игілігіне беріледі
- авторМағжан Орынбасар
- 14 қараша, 2024