Өңірде қара сораның 123 гектары жойылған
Бүгінгі таңда өңірімізде есірткіге тәуелді жандардың саны екі мыңнан асып жығылады. Ал олардың басым бөлігі «синтетикалық есірткінің» құрбанына айналған. Бұл туралы облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіровтың төрағалығымен өткен мекеме аралық мәжілісте белгілі болды. Өңірдің бас прокуроры есірткі қылмысына қарсы күресте құзырлы органдар үнемі бірлесе жұмыс атқаруы қажеттігін баса айтты.
Жиында алдымен облыс прокурорының бірінші орынбасары Қанат Мамаев баяндама жасады. Қанат Есіркепұлы өз сөзінде Бас прокуратура тарапынан есіркі қылмысына қарсы арнайы жоба аясында іс-шаралар жоспары бекітілгенін жеткізді. Онда кезең-кезеңімен есірткі өсетін аймақты көлемін азайту, есірткі саудасына тыйым салу әрі заң бұзғандарды қатаң жазалау шаралары қарастырылған. Бұдан кейін, аймақ басшысының бірінші орынбасары Нұржан Календаров сөз алып жергілікті атқарушы органдар Мемлекет басшысының халыққа арнаған Жолдауындағы тапсырмасын орындауды мықтап қолға алғанын атап өтті. Нұржан Сәбитұлы бүгінгі күнге дейін өңір аумағындағы 238 гектар қара сораның 123 гектары жойылғанына тоқталды. Сондай-ақ ол биыл 123 гектарға топографилық зерделеу жұмыстарын жүргізу үшін өтінім берілгенін жеткізді.
Басқосу барысында қылмыстық процесте азаматтардың конституциялық құқықтарын сақтау және азаптау фактілеріне жол бермеу мәселесі де қаралды. Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің облыс бойынша өкілі Берікбол Байхожаев бұл бағытта нақты жұмыстар жасалып жатқанын тілге тиек етті. Ал облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Нұржан Рахметуллаев азаптау фактілеріне жол берген тәртіп сақшыларының үстінен 37 қылмыстық іс қозғалды деді. Нұржан Ермаханұлының айтуынша, департаменттің өзіндік қауіпсіздік қызметі мен облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес басқармасы өкілдерінің арқасында азаматтарға қатысты 19 құқық бұзушылық анықталған.
Жиын соңында Нұрғалым Мәжитұлы шен тағып, шекпен кигендер есірткімен күресте қашанда алдыңғы қатарда тұруы тиістігін және жабық мекемелерде азаптау фактілері орын алмауы қажеттігін баса айтты.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Даудың барлығын сотта шешу мүмкін емес
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл жаңалықтар
Жамбылда 8 мәдениет нысаны ел игілігіне беріледі
- авторМағжан Орынбасар
- 14 қараша, 2024