"Еңбектен тапқан бақытын" жобасы: Сейтхан Жошыбаев студенттермен кездесті
- авторМағжан Орынбасар
- 28 мамыр, 2025
- 736

Бүгін Жамбыл политехникалық жоғары колледжінде "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің ұйымдастыруымен "Еңбектен тапқан бақытын" тақырыбында кездесу өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Шараға медицина саласының көрнекті өкілі, ҚР Профилактикалық медицина академиясының академигі, Қырғызтан Ұлттық ғылым академиясының корреспондет мүшесі, Қазақстан кардиохирургтер қауымдастығының төрағасы Сейтхан Жошыбаев арнайы қонақ ретінде қатысты
Жұмысшы мамандықтар жылына орай студент жастардың өз мамандығының үздігі болу үшін жастарға еңбекқорлықтың, табандылықтың және кәсіби шеберліктің маңызын түсіндіру,еңбек адамының қоғамдағы рөлін насихаттау мақсатында ұйымдастырылған жиында студенттерге мамандық таңдау, өмірлік бағытын айқындау, жетістікке жету жолында аянбай еңбек ету жөнінде мән-мағынасы зор мағлұматтар берілді.
Сонымен қатар, шара барысында медицина ғылымдарының докторы, жоғары санатты хирург Сейтхан Жошыбаев өзінің өмір жолы, мамандыққа деген сүйіспеншілігі, еңбек арқылы жеткен жетістіктері жайында әңгімелеп, студенттермен еркін форматта пікір алмасты.
Бұдан кейін жастар өз сауалдарын қойып, еңбекқорлық пен табандылық туралы тың ақпараттар ала алды.