Эксклюзив: Қазақстанда жігіттері түгел әскерге кеткен ауыл Жамбыл облысында орналасқан
- авторМағжан Орынбасар
- 18 сәуір, 2024
- 1.0k
Қос ауылдың басын біріктіретін Ақсай ауылдық округінен «Жалпыға бірдей әскери міндет туралы» Заңға сәйкес, 2023 жылы әскерге шақыру бойынша барлығы 10 азамат әскер қатарына кеткен. Ақсай ауылдық округінің әкімі Мақсат Мәтеннің айтуынша, әскерге шақыру бойынша жоспар 100 пайызға орындалған, деп хабарлайды jambylinfo.kz
Ауылдың өзге де әлеуметтік-экономикалық даму мәселелеріне тоқталған Мақсат Мәтеннің сөзінше, ауыл шаруашылығы саласын қолдау бағытындағы мемлекеттік бағдарламалар аясында өткен жылы «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы лизинг жүйесімен 4 шаруа қожалық 4 трактор, 5 тіркемені несиеге алған.
«Мемлекет тарапынан жеңілдетілген бағамен бөлінген жағармайды округтің 65 шаруа қожалығы алып отыр. Жалпы округ бойынша 334 жеке кәсіпкер, 4 заңды тұлға, 6 ЖШС, 156 шаруа қожалық тіркеліп кәсіптерін жүргізіп отыр. Округ былтырғы жылдың қорытындысы бойынша жергілікті салықтық түсімдердің 6 түрі бойынша 15 347,5 мың теңге салық төлеп, жылдық жоспар 143 пайызға орындалды",- деді ауыл әкімі.
Брифинг барысында Мақсат Мәтен әлеуметтік қамсыздандыру бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталды.
"Атаулы әлеуметтік көмек көрсету бойынша өткен жылы 28 отбасына 142 адамға 13 715,2 мың теңге көмек берілді. «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жобаның» аясында округ бойынша шаруа қожалықтар мен мемлекеттік мекемелерге жоспар 124 азаматты жұмыспен қамту жоспарланып нәтижесінде 134 азамат тұрақты жұмыспен қамтылды, жастар практикасымен 7 азамат, қоғамдық жұмысқа 30 адам тартылды", - деді Мақсат Мәтен.
Мұнан соң, округ әкімі бюджеттен тыс жасалып жатқан игі істерге тоқталды.
«Асар» бағдарламасы аясында Қайрат ауылында көпбалалы жас отбасы Абдрашев Нұрғиса Найзабекұлының үйі жөндеуден өткізілді. Диқан ауылының имамы Жұматаев Жәнібекке үй құрылысы басталып, шатыры жабылды. Биыл аяқталуы күтілуде. Диқан ауылында «Диқан» мешітінде 120 келушіге арналған асхана пайдалануға берілді",- деді Ақсай ауылдық округінің әкімі.
Айта кету керек, Мемлекет басшысы, Жоғарғы Бас қолбасшы Қасым-Жомарт Тоқаев бір сөзінде Қарулы Күштеріміз мемлекеттігіміздің мызғымас тірегі, туған елдің тәуелсіздігін және бейбіт өмірін қорғау қасиетті парыз екенін атап өтті.
– «Жау жоқ деме, жар астында» деген сөз бар. Қазіргі күрделі кезеңде Армияның рөлі күшейе түсті. Армия егемендігімізді қорғауға әрдайым дайын болуы қажет. Оның кәсіби дайындығы, заманауи қару-жарақпен, озық технологиямен жабдықталуы басты факторға айналды. Әскердің білікті болуы және ұтқырлығы ұрыс нәтижесіне тікелей әсер етеді. Армия осы талапқа сай болса, өз міндетін ойдағыдай атқарады. Қуатты армия – тұрақтылық пен тыныштықтың кепілі, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент қазіргі заманда әбден машықтанған сарбаздар ғана тиімді ұрыс жүргізе алатынын, сондай-ақ сардарлардың біліктілігі айрықша рөл атқаратынын айтты.
Ұқсас жаңалықтар
«Ауыл аманаты»жобасы аясында 4 мыңнан астам жоба қаржыландырылды
- авторМағжан Орынбасар
- 21 желтоқсан, 2024