Жамбыл облысынан Атырауға экскаваторлар жөнелтіледі
- авторИндира Тәліпқызы
- 18 сәуір, 2024
- 702
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовтың тапсырмасы бойынша Жамбыл облыстық «Қазсушар» филиалының экскаваторлары Атырау облысына жіберіледі. Арнайы техника елді мекендерді тасқын судан қорғау үшін бөгет салып, су арналарын тазарту үшін қолданылады, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Нұржан Нұржігітов Атырау облысындағы су басу қаупі бар елді мекендерді аралап, жергілікті «Қазсушар» мамандары мен әкімдік қызметкерлеріне тасқын суын өткізу бойынша тапсырмалар берді.
Атырау облысына келетін суды «Қазсушар» мекемесінің қарамағындағы Соколок, Сарыөзек, Бақсай және Нарын каналдары қабылдайды. Бүгінгі таңда каналдарда бос орындар дайындалып жатыр. Атап айтқанда, Соколок каналы 2 млн текше метр, Сарыөзек каналы 3 млн текше метр, Бақсай каналы 7 млн текше метр және Нарын каналы 4,5 млн текше метр су қабылдай алады.
Бұдан бөлек, Жайықтан келген тасқын суын Каспийге бағыттау үшін 14,5 шақырым қосымша канал қазылып жатыр. Бұл Атырау қаласы арқылы өтетін су көлемін азайтуға мүмкіндік береді.
«Атырау облысын тасқын суын қабылдауға дайындау үшін уақыт бар, бірақ әр сағатты тиімді пайдаланып, белсенді іс-әрекет жасау керек. Қазір өзге аймақтардағы «Қазсушар» филиалдары еліміздің батысына техникаларын да, мамандарын да жіберіп, көмектестіп жатыр. Тасқын суын жинау және оны қауіпсіз өткізу үшін өңірлер мен жауапты мекемелер жедел ақпарат алмасып, өзара тығыз байланыста болуы керек»,- деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
Ұқсас жаңалықтар
«Ауыл аманаты»жобасы аясында 4 мыңнан астам жоба қаржыландырылды
- авторМағжан Орынбасар
- 21 желтоқсан, 2024