дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 22:08

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ел сенімі – даму серпіні

Ел сенімі – даму серпіні
ашық дереккөзі
Ел сенімі – даму серпіні

Мемлекетіміздің бүгінгі жетістіктері елімізде азаматтық қоғамның қалыптасуымен тығыз байланысты. Осы орайда әлеуметтік бастамалардың жүзеге асуына қоғамдық ұйымдардың қосар үлесі зор. Шын мәнінде мемлекетіміздің өсіп-өркендеуі, қоғамдық сананың жаңғыруы азаматтардың белсенділігі арқылы жүзеге асатыны анық. Үкіметтік емес ұйымдардың басты мақсаты – халықпен тығыз байланыста болу. Осы ретте бүгін Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен «Азаматтық қоғам және мемлекет: серіктестік пен дамуға 30 жыл – #BIRGEMIZ:» атты өңірдегі үкіметтік емес ұйымдарының форумы өтті.

Белсенді қоғам белсенділерін біріктіретін, екі жылда бір ұйымдастырылатын  дәстүрлі ауқымды іс-шара  «Қоғамдық келісім» КММ ғимаратында өтті. Жалпы елімізде үкіметтік емес ұйым секторы тәуелсіздік алған жылдардан бері бірге дамып келе жатқан азаматтық қоғам институттарының бірі. Десек те соңғы уақытта ҮЕҰ рөлі арта түскеніне ел куә. Қоғамда аталмыш сектордың дамуына қолайлы жағдай жасалып, барлық мүмкіндіктер қарастырылуда. Себебі, әрбір мемлекеттің сенімді тірегі – азаматтық қоғам. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында да азаматтық қоғамды дамыту және үкіметтік емес ұйымдардың беделін арттыру жайлы баса айтты. Бүгінде ҮЕҰ әлеуетін арттыру және мемлекет пен коммерциялық емес ұйымдардың өзара іс-қимылын күшейту жұмыстары әлі де өзекті болып отырғаны анық.

Азаматтық қоғам неғұрлым белсенді болса, соғұрлым халықтың өмір сүру сапасы да жақсармақ. Осы ретте ұйымдастырылған форумды облыс әкімі Бердібек Сапарбаев онлайн форматта ашып беріп,  азаматтық қоғамның белсенді бөлігі болып отырған үкіметтік емес ұйымдардың ауқымды жұмыстарын да тілге тиек етті.

Бұдан әрі  Zoom платформасы арқылы ҚР Ақпарат және қоғамдық дамыту вице-министрі Болат Тлепов,  Қазақстан Азаматтық альянсының президенті  Бану Нұрғазиева сөз тізгіндеп, ҮЕҰ мен мемлекеттің өзара іс-қимылының жаңа форматтары турасында ойларын ортаға салса, пікірсайыс алаңдарында қоғам мен мемлекет диалогы, әлеуметтік тұтастық: әл-ауқаттың даму векторы бағыттарында пікірлер талқыланып, ұтымды ұсыныстар айтылды. Сонымен қатар, форумда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында туған өлкені түлетіп, мұқтаж жандарға көмек қолын созған, қайырымды жандардың игі ісін жалғастырған азаматтарды ұлықтайтын «Жомарт жүрек» сыйлығының лауреаттары марапатталды. Атап айтқанда Тоқтасын Блалиев «Жыл тұлғасы» номинациясын, Серік Олжабеков «Жылдың үздік ұйымы» номинациясын, Камшат Малдыбекова «Туған өлке» номинациясын, Михаил Платов «Ерен еріктілік» номинациясын,Бақтияр Тоғайбаев «Жыл меценаты» номинациясын иеленді. Осы секілді тағы бірқатар азаматтар мен  қоғамдық ұйымдарға «Халық алғысы» медалі мен облыс әкімінің Алғыс хаты табыс етілді. Сонымен қатар «ASAR» әлеуметтік бизнес жобаларының жеңімпаздарына минигранттар үлестірілді.

  Кәмшат ҚАДЫР
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар