Тараздық полицейлер төтенше жағдай режимін бұзу бойынша 442 әкімшілік құқықбұзушылықты анықтады
- авторjambylinfo.kz
- 19 қараша, 2020
- 311
Елімізде шектеу шаралары енгізілгелі тараздық полицейлер төтенше жағдай режимін бұзу бойынша 442 әкімшілік құқықбұзушылықты анықтаған. Бұл туралы ӨКҚ ақпарат алаңында Тараз қаласы полиция басқармасының бастығы Асылхан Зауырбеков баяндады.
Қаланың бас полицейі карантиндік шараларды сақтау мақсатында 12 арнайы мобильді топ құрылғанын айтты. Олар шаһардағы шектеу шараларын бұзу бойынша 83 әкімшілік хаттама толтырып, оның 41-іне 9 млн теңгеден астам айыппұл салған. Асылхан Әзімханұлы Тараздағы қылмыстық ахуал жайына да тоқталды. Мәселен Таразда тіркелген қылмыстардың ашылуы 58 пайызға дейін артқан. Былтыр бұл көрсеткіш 51,1 пайыз болған болатын. Осы жылдың 10 айында Таразда қылмыстық құқық бұзушылықтар мен теріс қылықтардың тіркелуі 35,2 пайызға яғни 1 564 дерекке азайған. Былтыр бұл көрсеткіш 4 437 дерек болса, биыл 2 873-ке төмендепті. Есептік кезеңде жасөспірімдер қылмысы 26,0 пайызға төмендеген. Былтыр 77 дерек тіркелсе, биыл - 57. Кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстың сипаттағы күш қолдану әрекеті былтырғы жылға қарағанда небәрі 4,8 пайыз төмендеген. Былтыр 21 дерек болса, биыл 20. Суицид бойынша былтыр 7 дерек болса, биыл мүлде жоқ. Спикердің мәліметінше Таразда биыл жол-көлік оқиғаларынан 22 адам қаза тапқан. Дегенмен былтырмен салыстырғанда жол апаты 432-ден 311-ге дейін төмендепті. Жараланғандардың саны 592-дан 439-ға дейін азайған.
Кәмшат ҚАДЫРjambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз