Тараздың ірі сауда орындарындағы бағаларды мобильдік топтар бақылайды
- авторjambylinfo.kz
- 19 қараша, 2020
- 297
Коронавирус кеселі халықты қыспаққа алып тұр. Сондықтан, қиын кезде тұрғындарға салмақ салынбау үшін бағалардың негізсіз өсуіне жол бермеу керек. Бұл мақсатта Тараз қаласының негізгі 12 ірі сауда орындарындағы бағаларға мониторинг жасайтын 4 мобильдік топ жасақталған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте Жамбыл облысы әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Жандос Жақыпов мәлімдеді. Спикер әуелі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру шараларына тоқталды.
- Бидай бағасының тұрақсыздығы кейбір азық бағасының өзгеруіне әсер етуде. Бағалардың көтерілуін болдырмау үшін бұрынғыдай бидайдың мемлекеттік қорын жинақтау жолын қарастыру қажет,-деді Жандос Жақыпов.
Спикердің сөзінше, бір жыл ішінде қарақұмық бағасы 33%, өсімдік майы 13,9%, сәбіз 14,9%, картоп 16,1% және сары май 11,5% өскендігі байқалған. Осылайша осындай өнімдердің жылдық өсім динамикасы инфляцияға ұшыраған. Ал, өткен аптада тауық жұмыртқасы 2,1% күбағыс майы 1,9%, қырыққабат 1,2% көтерілді.
Ал, тауар бағаларының қымбаттауына бидайдан бөлек сыртқы нарықтағы күнбағыс дәнінің, қырыққабаттың, тауық жұмыртқасының импорты әсер еткен. Дегенмен облыс орталығында 12 сауда орнында ашылған арнайы әлеуметтік сөрелерде азық бағасы арзан саудаланады. Бұдан бөлек 7 дүңгіршектің қызметі тұрақты түрде жүруде. Онда жыл басынан 954,3 тонна болатын жалпы саны 11 әлеуметтік тауар түрі нарық бағасынын 8-20% пайызға төмен бағада берілген. Ал, бүгінде облыстағы тұрақтандыру қорының қоймасында 2273,6 тонна әлеуметтік азық-түлік тауарлары бар.
- Қазіргі кезде тұрақтандыру қорының есебінде 837,3 млн. теңге қаражат бар, оның 154 млн. теңгесін қараша айынан бастап айналымға қосып, сауда желілері мен тауар өндірушілерге несие ретінде беріп жатырмыз, - деді спикер.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Таразда сотталған азаматтар оқу-ағарту курстарынан өтті
- авторМағжан Орынбасар
- 23 желтоқсан, 2024