жұма, 22 қараша, 2024 13:18

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ербол Қарашөкеев Тараздағы су арналарының жай-күйін тексерді

Ербол Қарашөкеев Тараздағы су арналарының жай-күйін тексерді
Сурет: jambylinfo.kz
Аймақ басшысы бүгін 24 шақырымды құрайтын Түйте каналына барды. Онда су жүйесінің түбін тазалау, айналасын реттеуге ерекше назар аударды.  Сондай-ақ, жағалауы да тазалауды қажет ететін Қарасу каналының жай-күйімен танысып, көпірлердің су өткізу мүмкіндіктерін тексерді, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Облыс әкімі арықтарды тазалау, олардың су өткізу мүмкіндігіне тұрақты талдау және бақылау бойынша қала басшылығына нақты міндеттер жүктеді. Бұл жұмыс көктемгі сел мен жазғы су тапшылығының алдын алу үшін қажет. 

"Бұл шаралар өз кезегінде көктемгі кезеңде судың көп мөлшерінің келуіне, жаз айларында ылғалдың қажетті аумақтарға жетуі және тұрғындардың қауіпсіздігі үшін де аса маңызды. Осы және өзге де су жүйелерін, арықтарды тазалау, олардың су өткізу мүмкіндігіне тұрақты талдау және бақылау бойынша қала басшылығына нақты міндеттер жүктедім. Бұл бағыттағы жұмыстарды жеке қадағалауда ұстайтын боламын. Сонымен қатар, облыс бойынша жалпы сенбілік ұйымдастырылып, тазалық жұмыстарына жан-жақты көңіл бөлінеді. Бұл іске өңірдегі барлық мекемелер мен бизнес өкілдерін, қала тұрғындарын да белсенді атсалысуға шақырамын",- деді Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар