Ербол Қарашөкеев облыс тұрғындарын «Таза Қазақстан» акциясына қатысуға шақырды
- авторМағжан Орынбасар
- 10 сәуір, 2024
- 943
Бұдан соң аймақ басшысы Дүкенұлы атындағы мәдениет үйінің аумағында көпшілікпен бірге көшет екті.Тазалық шарасына қала тұрғындары мен ерікті жастар, спортшылар қатысты. Осы орайда облыс әкімі республика бойынша «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталғанын айтып, барша өңір тұрғындарын тазалықты сақтауға, табиғатты аялауға шақырды.
«Тарихы терең, киелі Әулиеата өңірінде «Таза Қазақстан» акциясы аясында «Таза аула. Таза өлке. Таза ел!» экологиялық науқаны басталды. Бұл игі бастамаға барша облыс тұрғындары өзара ұйымшылдықпен қатысады деп сенемін. Мемлекет басшысы көшелерді тазарту, көгалдандыру және елді мекендердің аулаларын абаттандыру, жолдарды ретке келтіру бойынша нақты міндеттер жүктеген болатын. Расында да, бұл тұрғыда мәселелердің өзектігі күн санап артып келеді. Ал, оның шешілуіне жұмыла жұмыс жасағанда ғана нақты нәтижеге қол жеткізе аламыз», - деді әкім.
Сонымен қатар Ербол Қарашөкеев қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау - әрбір азаматтың басты міндеті екенін атап өтті.
«Туған жерімізді, туған өлкемізді аялау, оны көздің қарашығындай қадірлеу - ортақ іс. Көптеген айтулы тұлғаларды түлеткен өңіріміз еліміздің мақтанышы болып қалуы керек. «жұмыла көтерген жүк жеңіл»-деп тегін айтылмаған. Ендеше, барша облыс тұрғындарын тазалықты сақтауға, табиғатты аялауға, айналамызды күтіп ұстауға шақырамын!»,- деді Ербол Қарашөкеев.
Айта кетейік, науқан бес аптаға созылады. Әр аптаның өзіндік тақырыбы мен нақты мақсаты бар.
Ұқсас жаңалықтар
«Ауыл аманаты»жобасы аясында 4 мыңнан астам жоба қаржыландырылды
- авторМағжан Орынбасар
- 21 желтоқсан, 2024