дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 11:27

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Су тасқынына қарсы күреске кім қанша ақша аударды және олардың қатарында Назарбаев неге жоқ?

Су тасқынына қарсы күреске кім қанша ақша аударды және олардың қатарында Назарбаев неге жоқ?
Коллаж: jambylinfo.kz
Қазақстанның 10 облысын әбігерлер салып, мыңдаған халықты үй-күйсіз қалдырған апаттың шығыны әлі есептеліп жатыр. «Energy Monitor» қоғамдық қорының директоры Нұрлан Жұмағұлов су тасқының салдарымен күреске отандық компаниялар, бай-бағландар жинаған қаражатты есептеп шығарды. Ал ел күткен бұл тізімде экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі жоқ, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Нұрлан Жұмағұловтың жазуынша, табиғи апатқа бөлінген қаржының қомақты бөлігін «Самұрық-Қазына» қоры аударған. «Самұрық-Қазына» бұл тізімде 15 млрд теңгемен көш бастап тұр.  


Ал екінші орында 10 млрд теңге аударған «Қазақстан халқына» қоры тұрса, үздік үштікті 2 миллиард теңге бөлген «Теңізшевройл» компаниясы түйіндеген.

 
Сондай-ақ, «Chevron компаниясы су тасқынынан зардап шекккендерге 3 млн доллар бөлетінін мәлімдеді (шамамен 1,3 млрд теңге). Қаражатты компания өзінің жергілікті «Шеврон Мұнайгаз Инк.» еншілес компаниясы арқылы бөледі.


Қазақстанның тау-кен саласындағы компаниялары – KAZ Minerals Тобы мен «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету және Қазақстанның бірқатар өңірлерінде табиғи апаттың салдарын жою үшін 800 миллион теңге бөлді.


Міне тізім осылай жалғаса береді. Ал халық Қазақстан мемлекетін 30 жыл басқарып, бір кездері Елбасы статусын алған Нұрсұлтан Назарбаевты бұл тізімнен әзірге көре алмай отыр. 2022 жылдың қаңтар айында Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша «Нұрсұлтан Назарбаев қоры» «Қазақстан халқына» қорына 500 миллион теңге аударғаны есімізде. 

 

Индира Тәліпқызы
Автор

Индира Тәліпқызы

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар