дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 10:29

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

"Бізді қойшы, баламызда несі бар!?". Ерке Есмахан сәбиін шетінеп кетті деген адамға ашуланды

"Бізді қойшы, баламызда несі бар!?". Ерке Есмахан сәбиін шетінеп кетті деген адамға ашуланды
Коллаж: jambylinfo.kz
Әнші Ерке Есмахан Instagram парақшасында кішкентай нәрестесі жайлы жалған ақпарат таратқан адам туралы айтты

Белгісіз біреулер әнші Райм мен Ерке Есмаханның нәрестесі шетінеп кетті деген жалған ақпарат таратқан. Бұл туралы Ерке Есмахан өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды jambylinfo.kz. 

"Мен негізгі негативке күліп жауап беріп, артынша бақыт тілеп жіберетін адаммын. Бірақ бұл жолы, мені емес, Райм екеуімізге емес, кішкентай балаға тиісті",-деп  жазды ол.

Оның айтуынша. әлдекімдер Tik-Tok әлеуметтік желісінде парақша ашып, екі әншінің кішкентай бүлдіршіні шетінеді деген ақпарат таратқан. Халыққа жаппай таралған видеоны көрген жақындары мен оқырмандары алаңдап, оларға хабарласқан. Ерке Есмаханның сөзіне сенсек, кейін парақша да, жазба да жойылған. 

"Әкесі іздеп, кімнің жариялағанын таппақ болды, бірақ, бәрін жойып үлгерген. Дегенмен, қазіргі заманда қаласаң бәрін табуға болады. Бұл мәселені жай қалдырмаймыз", - деп жазған әнші. 

 

Индира Тәліпқызы
Автор

Индира Тәліпқызы

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар