жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 0:25

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ерлікке тағзым

Ерлікке тағзым
ашық дереккөзі
Ерлікке тағзым

Бүгін – Кеңес Одағының Батыры Ақәділ Суханбаевтыңың туған күні. Осыған орай батырдың Тараз қаласындағы ескерткішіне 100 жылдығы құрметіне салтанатты түрде гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Іс-шараға ардагерлер мен қала жұртшылығы өкілдері келді. Тараз қаласының әкімі Айтқазы Қарабалаев, Тараз қалалық мәслихат хатшысы Батырбек Құлекеев, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев, облыстың Құрметті азаматтары Аманкелді Карентаев, Оңласын Есіркепов, Сембек Сейдәзімов, «Қосы батыр» қоғамдық қорының Төралқа мүшелері Болат Үсенбаев, Талғат Жүнісқадыров, Дәуітәлі Нұралиев, Арыстан Найзабеков, Асылбек Жантаев және бірқатар мекеме, ұйымдар өкілдері ескерткішке гүл шоқтарын қойып, батыр рухына тағзым етті.

Шараға Ақәділ Суханбаевпен бір ауылда қатар өскен соғыс ардагері, ғасыр жасаған майдангер Әшірбек Сәрсембиев келіп, гүл шоғын қойды. Сондай-ақ Суханбаев ауылдық округінің әкімі Рашид Қойлыбаев, ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жасұзақ Момбаев бастаған байзақтықтар да келіп қатысты.

Әскерилерге белгілі журналист Тұрсынхан Толқынбайұлының Ақәділ Суханбаев туралы жазылған, облыс әкімдігінің қолдауымен баспадан шығарылған «Жай отындай жарық еткен» кітабы таратылып берілді.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар