жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 2:32

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Меркіліктер мерейлі мерекені атап өтті

Меркіліктер мерейлі мерекені атап өтті
ашық дереккөзі
Меркіліктер мерейлі мерекені атап өтті

Меркі аудандық мәдениет үйінде Ұлттық мереке – Тәуелсіздік күніне орай салтанатты кеш өтті. Онда аудан әкімі Мейірхан Азатұлы алғысөз сөйлеп, барша қазақстандықтарды, меркіліктерді мерекемен құттықтап, бірқатар азаматтарды «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапаттады. Сонымен қатар, ауданның әлеуметтік-экономикалық өсуіне үлес қосып, қоғамдық жұмыстарына белсене атсалысып, қажырлы еңбек еткені үшін бес азаматқа «Ауданның Құрметті азаматы» атағы табысталды. Әнші, сазгер, музыкатанушы, Меркі жерінің тумасы Бағлан Бәбіжановаға ауданның «Құрметті азаматы», меркілік әнші Оңал Азаматоваға «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі берілді. Салтанатты марапаттау сәтінен соң аудан өнерпаздары өз өнерлерін тартулап, жерлес, Оңал Азаматова «Кел, ағайын Меркіге» әнін тартулады. Кешке арнайы шақырумен келген ақын Маралтай Райымбекұлы Тәуелсіздік туралы өлеңдерін оқып, тыңдармандарын рухтандырды.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар