Жамбыл жаңалықтар
Есірткі сатқан жамбылдық жеті жылға сотталуы мүмкін
- авторjambylinfo.kz
- 28 мамыр, 2021
- 236
Есірткі сатқан жамбылдық жеті жылға сотталуы мүмкін
Есірткі сатқан жамбылдық жеті жылға сотталуы мүмкін.
Жамбыл облысының ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында есірткі сақтаумен айналысатын ер адамды анықтады. Осылайша, Шу ауданында 46 жастағы жергілікті тұрғыннан салмағы бір келіден асатын «кептірілген марихуана» есірткі заты табылып, тәркіленді.
Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. «Ұсталған ер адам кінәсін мойындап, Шу қаласының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Оған қатысты ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі (Аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Аталған қылмыс бойынша үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған»,-делінген ведомство хабарламасында.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала