жексенбі, 24 қараша, 2024 22:59

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылда төрт айда 60 бала үйінен кетіп қалған

Жамбылда төрт айда 60 бала үйінен кетіп қалған
ашық дереккөзі
Жамбылда төрт айда 60 бала үйінен кетіп қалған
Жамбыл облысында төрт айда 60 бала үйінен кетіп қалған. Ағымдағы жылдың 4 айының қорытындысы бойынша Жамбыл облысында кәмелетке толмаған балалардың үйінен кетуінің 60 дерегі тіркелді, өткен жылдың осыған сәйкес кезеңінен (32 дерек) 87,5% - ға артық. Бұл күндері барлық жасөспірімдер табылып, ата-аналарына қайтарылды. Оларды іздеуге еріктілер мен жанашыр азаматтар да белсенді қатысқан. «Жамбыл облысының Полиция департаменті ата-аналардан қырағылық танытуды, балаларының бос уақытын және достық қарым-қатынастарын ұйымдастырып, қадағалауды сұрайды. Ересек адамдардың немқұрайлылығы кәмелетке толмағандарға қатысты, сондай-ақ олардың қатысуымен орын алатын заңға қайшы әрекеттер жасауға себеп болуы мүмкін», - деді Жамбыл облысының Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының бастығы Ардақ Мадимаров.  
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар