I топ мүгедегіне күтім жасайтын адамдарға жәрдемақы тағайындалады
- авторjambylinfo.kz
- 5 ақпан, 2021
- 387
І топтағы мүгедектігі бар адамдарға күтім жасайтындарға жәрдемақы енгізіледі. Бұл жәрдемақымен 24 мыңға жуық адам қамтылады. Аталған өзгерістерді енгізуді көздейтін жаңа Заң жобасы «Нұр Отан» партиясының сайлауалды тұғырнамасын іске асыру шеңберінде қабылданады.
Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов мәжілісмендерге жаңа заң жобасын таныстыру кезінде айтты. Яғни ол Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысына қатысты. Oнда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын таныстырып өтті.
Бүгін Жамбылдағы ӨКҚ алаңына осы заң жобасын жіті таныстыру үшін Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Әсел Шаймерденова арнайы келді.
Әсел Уалиқызы брифингте Заң жобасы мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі ұлттық жоспарды орындау шеңберінде әзірленгенін атап өтті. Бұл Заң бойынша енді 7 жастан 16 жасқа дейінгі балаларды мүгедектік топтары бойынша бөлу ұсынылады. Оларға жәрдемақылардың мөлшері ұлғаю жағына қарай қайта қаралатын болады. Шара 31 мыңнан астам адамды қамтиды. Үшіншіден мүгедектігі және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақыларды бір мезгілде алу құқығын береді. Шара 2 мыңға жуық мүгедектігі бар балаға қатысты болады. Мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар бар.
Енді олар кәмелеттік жасқа толғаннан кейін және бала I және II топтағы мүгедек мәртебесіне көшкеннен кейін де мемлекеттік қордан тұрғын үй алғанға дейін есепте тұру құқығы сақталатын болады. Бұл норма 20 мыңнан астам отбасына кезекті сақтауға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, мүгедектігі бар баланы күту кезеңі 18 жасқа дейін ұзартылмақ. Бұрын мүгедектігі бар баланы күту кезеңі 16 жасқа дейін болатын.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ең маңыздысы – медициналық қызметтің сапасын арттыру
Ұқсас жаңалықтар
Таразда сотталған азаматтар оқу-ағарту курстарынан өтті
- авторМағжан Орынбасар
- 23 желтоқсан, 2024