Тараз қаласында қауіпті індеттің таралуына жол бермеу мақсатында мобильдік топтардың рейдтері жалғасуда. Көне шаһар әкімдігі мен полиция бөлімінің қызметкерлері және тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының өкілдерінен тұратын топ санитарлық талапқа немқұрайды қарағандарды әкімшілік жауапкершілікке тартуда.
Облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің 2020 жылғы 16 қазандағы «Жамбыл облысының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» №38 қаулысы бекітілген. Осы қаулы негізінде облыс орталығында бүгінге дейін 3584 нысан тексеріліп, 120 хаттама бойынша айыппұл өндіріліпті. Салынған айыппұлдың көлемі 19 миллион 473 мың 340 теңгені құрайды. Сондай-ақ 40 құжат бойынша арнайы жұмыс жүргізіліп жатса, 11 құжат толық болмауына байланысты Тараз қалалық полиция басқармасына кері қайтарылған. Жалпы ағымдағы жылдың 10 тамызынан бастап жеке тұлғалар, интернет клубтар мен ойын клубтары бойынша барлығы 39 құжат түскен. Оның алтауына айыппұл салынған. 25 құжаттың толық болмауына байланысты Тараз қалалық полиция басқармасына кері қайтарылған. Тараз қалалық әкімдігі берген мәліметтерге сүйенсек, 26 материал Тараз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қарауына жіберілген. 5 материал бойынша жалпы сомасы 1 миллион 389 мың теңге айыппұл салыныпты. Қалған 21 материал бойынша құқықбұзушылық құрамының болмауына байланысты тоқтату туралы қаулы шығарылған. Бүгінде облыс орталығында жалпы саны 155 дәріхана тіркелсе, оның қазіргі таңда 68-і жұмыс істеуде. Бұл орайда, мобильдік топ мүшелері дәріханаларға да рейд ұйымдастырып, олардың жұмысын әрдайым назарда ұстап отырады екен. – Бекітілген өкімге сәйкес, арнайы құрылған 12 мониторингілеу тобы қаладағы дәріханалардың жұмысына зерделеу жұмысын жүргізді. Зерделеу барысында дәріханалардың иелері мен дәріхана қызметкерлеріне арнайы хат беріліп, дәріханалардың кіреберіс жеріне ақпараттық материалдар ілінді. Сонымен қатар дәріхана иелерінің мәліметтері бойынша бүгінгі күні дәрі тапшылығы жоқ. Десе де қажетті дәрілік заттардың желтоқсан, қаңтар айларына дейінгі қорын жасақтау керектігін ескертті, – дейді Тараз қаласы әкімдігінің баспасөз хатшысы Ақмарал Шағатай. Бұдан өзге мобильдік топтар шаһарда жұмыс істеп жатқан 9 емханаға зерделеу жұмыстарын жүргізген. Қазіргі таңда аталған барлық емханалар қоймасында тегін берілуі тиіс дәрі-дәрмектің тізімі мен саны анықталып, сақталған мөлшерлері зерделенген.
Шынболат СЕЙДУАЛИЕВjambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Батырлар елінде бас бармақпен бағалайтын тірлік көп
Ұқсас жаңалықтар
Таразда сотталған азаматтар оқу-ағарту курстарынан өтті
- авторМағжан Орынбасар
- 23 желтоқсан, 2024