бейсенбі, 3 қазан, 2024 16:18

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Өңір әкімдері халықпен жиі кездесуі керек

Өңір әкімдері халықпен жиі кездесуі керек
ашық дереккөзі
Өңір әкімдері халықпен жиі кездесуі керек
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылдың 3 наурызында Жарлығы шыққан болатын. Сол 826-Жарлықта «Барлық деңгейдегі әкімдер жыл бойы халықпен кездесулер өткізсін. Кездесулер барысында халықты толғандыратын әлеуметтік мәселелерге баса назар аудара отырып, Қазақстанды жаңғыртудың жаңа бағдарының негізгі бағыттары туралы хабардар етсін және проблемалық мәселелерді шешудің жолдары мен мерзімдерін түсіндірсін» деп жазылған. Осы мақсатты негізге алған аудан әкімі Ернар Есіркепов сәрсенбінің сәтті күнінде Абай ауылына барды. Мақсат – әуелі Мемлекет басшысының Жарлығында межеленген жоспарды орындау болса, екіншіден, абайлықтардың мұң-мұқтажын тыңдап, нәтижесінде сол шешімін таппай отырған мәселелердің шешілу жолдарын қарастыру. Кездесу біржақты өткен жоқ. Әдетте, халық арасында «әкім сөйлейді, біз тыңдаймыз» деген кертартпа сөз қалыптасып қалған ғой. Бұны аудан басшысы Ернар Серікәліұлы да өз сөзінде атап өтті. Яғни, ол: «Осындай кездесулерде көбіне-көп өзі сөйлегеннен гөрі халықтың талап-тілегіне баса назар аудару – басты миссиясы екенін» айтты. Кездесуде аудан әкімі Ернар Есіркепов ауданның экономикалық даму перспективасына айрықша тоқталып, бірқатар салаларда өсім динамикасы қалыптасқанын атап өтті. Әкімнің әрбір сөйлеген сөзі нық әрі зерделі болды. Кезек сұрақ-жауапқа ойысқан сәтте де Ернар Серікәліұлы тұрғындар тарапынан қойылған барлық сұрақтарға еш мүдірмей, дәйекті мысалдармен жауап беріп отырды. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылдың 3 наурызында Жарлығы шыққан болатын. Сол 826-Жарлықта «Барлық деңгейдегі әкімдер жыл бойы халықпен кездесулер өткізсін. Кездесулер барысында халықты толғандыратын әлеуметтік мәселелерге баса назар аудара отырып, Қазақстанды жаңғыртудың жаңа бағдарының негізгі бағыттары туралы хабардар етсін және проблемалық мәселелерді шешудің жолдары мен мерзімдерін түсіндірсін» деп жазылған. Осы мақсатты негізге алған аудан әкімі Ернар Есіркепов сәрсенбінің сәтті күнінде Абай ауылына барды. Мақсат – әуелі Мемлекет басшысының Жарлығында межеленген жоспарды орындау болса, екіншіден, абайлықтардың мұң-мұқтажын тыңдап, нәтижесінде сол шешімін таппай отырған мәселелердің шешілу жолдарын қарастыру. Кездесу біржақты өткен жоқ. Әдетте, халық арасында «әкім сөйлейді, біз тыңдаймыз» деген кертартпа сөз қалыптасып қалған ғой. Бұны аудан басшысы Ернар Серікәліұлы да өз сөзінде атап өтті. Яғни, ол: «Осындай кездесулерде көбіне-көп өзі сөйлегеннен гөрі халықтың талап-тілегіне баса назар аудару – басты миссиясы екенін» айтты. Әкім сөзіне дән риза болған ауыл тұрғыны жауапқа қанағаттанатынын айтып, жұмысына сәттілік тіледі.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар