бейсенбі, 3 қазан, 2024 14:11

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Мақсат – жол сапасын жақсарту

Мақсат – жол сапасын жақсарту
ашық дереккөзі
Мақсат – жол сапасын жақсарту
Мақсат – жол сапасын жақсарту Соңғы жылдары елімізде автомобиль жолдары қарқын алып, жақсы жолдардың үлесі артуда. Әрине, жолдың көптеп салынуы, тақтайдай тегіс болуы халық алғысына бөлейді. Десе де, салынған жолдардың сапасы сын көтере ме? «Ұлттық жол активтерінің сапасын арттыру» кәсіпорнының облыс бойынша филиалы ағымдағы жылдың 7 айында республикалық автожолдар желісі бойынша 485 сынама алып, оның ішінде 10 сынаманың талапқа сай еместігін анықтады. Бұдан бөлек, автожолдардың жергілікті желісі бойынша 158 сынама алынды. Мұнда да 32 сынаманың сәйкес келмейтіні белгілі болды. Жалпы, биыл Сапа орталығы 273 жобаға зерделеу жұмыстарын жүргізіп, жол құрылысынан 601 сынама алған. Нәтижесінде, 100 кемшілік анықталып, талапқа сай жасалуы үшін мекемелерге нұсқамалар мен ескертулер берілген. Айта кетейік, жол активтері Сапа орталығына автомобиль жолдарын салу, қайта қалпына келтіру, жөндеу және күтіп-ұстау кезіндегі жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізу, жол активтерін басқару сондай-ақ жалпыға ортақ пайдаланатын автомобиль жолдарын орташа жөндеуге арналған техникалық құжаттамаға ведомстволық сараптама жүргізу, жаңа технологияларды енгізу және тәжірибелік учаскелерді қолдау функциялары жүктелген.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар