жұма, 20 қыркүйек, 2024 4:25

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«JastarFEST» фестивалі аясында жастар онкүндігінің қорытынды марапаттау кеші өтті

«JastarFEST» фестивалі аясында жастар онкүндігінің қорытынды марапаттау кеші өтті
Jambylinfo.kz
Жиынға облыс әкімдігінің аппарат басшысы қатысты

«JastarFEST» фестивалі аясында өткен жастардың онкүндігінің қорытынды марапаттау  кеші Ы.Дүкенұлы атындағы Тараз  қалалық мәдениет үйінде өтті.

  Әуелі  облыс жастарының ұйымдастырумен өткен іс- шаралар бойынша бейнеролик көрсетілді. Онда  әр аудандағы белсенді жұмыстар қамтылған. Мұнан соң облыс әкімі аппаратының басшысы Лесбек Ілебаев сөз сөйлеп, ел болашағы жастарды халықаралық мерекемен құттықтады.

  •  «Өңір жастарының қарқынды жұмыстары көңіл қуантады. Өнер мен, спорт, мемлекеттік қызмет, құрылыс, экономика, әлеуметтік салада, барлық бағыттарда жас буынның белсенділігі байқалады. Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев сіздердің бастамаларыңызды ерекше қолдайды.  Жастардың жарқын жобаларына қашанда жол ашық»,- деді Лесбек Ілебаев.

Осылай деген аппарат басшысы  әр сала, әр ауданда үздік жұмысымен танылған жастарды бағалы сыйлықтармен және облыс әкімінің Алғыс хатымен марапаттады.

Іс-шара барысында «Ақкербез» би ансамблінің қыздары  «Шаттық» биін билесе, Кенен Әзірбаев атындағы облыстық филармонияның әншісі Құрмаш Қуанышбаев «Жайдарлы Жамбылым» әнін әуелете шырқады. Жас ғалым Азат Жаманқұл жалынды сөз сөйлесе, жас ақын Медеу Мырзатай өз замандастарын жаңаша ойлауға шақырып, рухы жоғары  өлең жолдарын арнады.

Іс –шара соңында Кенен Әзірбаев атындағы облыстық филармонияның және Ы.Дүкенұлы атындағы Тараз  қалалық мәдениет үйінің өнерпаздары  әннен шашу шашты.

 

 

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар