жұма, 20 қыркүйек, 2024 4:11

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Ең олжалы бапкер»:13 тамыз – Ғалымжан Жылгелдиевтің туған күні

«Ең олжалы бапкер»:13  тамыз – Ғалымжан Жылгелдиевтің туған күні
Сурет: Ашық дереккөзден алынды
Ғалымжан Жылгелдиев бүгін 54 жасқа толып отыр

Белгілі Ардагер спорт журналист Қыдырбек Рысбек желідегі парақшасында Ғалымжан Жылгелдиевті жаңа жасымен құттықтап, ол Олимпиада және әлем чемпионын баптаған санаулы ғана қазақ бапкері екенін атап өткен.

"Олимпиялық спорт түрлерінен Олимпиада және әлем чемпионын баптаған санаулы ғана қазақ бапкері бар. Солардың ішіндегі жүлде жөнінен ең озығы Ғалымжан Жылгелдиев. Шәкірті  Елдос Смет дзюдо күресінен – Олимпиада ойындарының чемпионы және күміс, қола медалисі;  бұған қоса дүние жүзінің чемпионы және екі мәрте қола жүлдегері. Түйіп айтсақ, Ғалымжан мен Елдостың қанжығасында Олимпиада ойындары мен әлем чемпионаттарының 6 медалі бар! Бұл дегеніңіз – тәуелсіз Қазақстан спортының тарихындағы ең үздік нәтиже", - деген ол.

Сондай-ақ, спорт журналисі  бапкердің Елдостан басқа да халықаралық ареналарда олжа салған басқа да шәкірттерііне тоқталған.

"Әзиз Қалқаманұлы – Азия чемпионатының қола жүлдегері, жастар арасындағы әлем біріншілігінде күміс жүлдегер атанса, Ғалымжан Қырықбаев дүниежүзілік Универсиаданың түйе балуандар айқасында жеке-дара шықты. Ал Бегәділ Шаймерденов – дүниежүзілік Универсиаданың қола жүлдегері.  Бүгін Ғалымжан інімнің туған күні, 54-ке толды. Небір сынақты  басынан өткеріп, әбден төселген  кемел шағы. Алла Тағала қалған ғұмырыңды да баянды, берекелі қылсын! Денің сау, отбасың, етжақындарың аман болсын! Қазағыңның жанына шуақ сеуіп, жанын жадыратқан жеңістерің жалғаса берсін!",- деп жүрекжарды лебізін жеткізген.

 

 

 

 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар