бейсенбі, 4 шілде, 2024 19:37

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Капитан Байтасов» туралы фильмде батырдың ұлы Әділжан Байтасов та ойнайды

«Капитан Байтасов» туралы фильмде батырдың ұлы Әділжан Байтасов та ойнайды
Коллаж: jambylinfo.kz
Фильм биыл қарашада прокатқа шығады

2011 жылы Тараз төрінде мұздай қаруланған лаңкесті тұтқындамақ болып, 7 адам, соның ішінде 5 полиция қаза тапқан еді. jambylinfo.kz Осы оқиға негізінде түсіріліп жатқан «Капитан Байтасов» фильмінің жаңалықтарын ұсынады.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпаратына сүйенсек, «Қазақфильм” киноны қолдау мақсатында 5 фильм түсіруді жоспарлаған. Соның ішінде “Капитан Байтасов”  жайлы фильм де бар.

Бұл кинода Ғазиз Байтасовтың рөлін Азамат Сатыбалды сомдамақ. Актердың айтуынша, ол Байтасовтың болмасын біраз зерттеген. Тіпті, Алматы көшелеріне шығып, қоғамдық тәртіпті қадағалаған. 

«Азамат Сатыбалды бір күн бойы полиция қызметімен танысты. Кадрда шынайы шығуы үшін, актерларға осындай талап қойдым, өзі сезініп көруі тиімді тәжірбие болған еді», - дейді «НТК» арнасына сұхбат берген фильм режиссері Дәурен Қамшыбаев.

Туындының жанры – экшн-драма. Киноға Азамат Сатыбалдыдан бөлек, Самал Еслямова, Қобыланды Болат, Азат Жұмәділ, Дархан Сүлейменов, Асан Мәжит, Лаура Мырзахметова, Роман Лазуров, Еркебұлан Даиыров, Назар Шархан секілді танымал тұлғалар түскен.

Фильмде марқұм Ғазиз Байтасовтың ұлы Әділжан Байтасов та бой көрсетеді. Бұл режиссердің қалауы болған. Дәурен Қамшыбаевтың айтуынша, Әділжан кәсіби актер болмаса да, түсірілім сәтті өтті, тіпті сценарийге де ат салысқан.

Шынайы оқиғаға негізделген «Капитан Байтасов” фильмі биыл жылдың қараша айында жарық көреді деп жоспарланып отыр.

Жалғас Өмірзақов 

 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар