«KazАgroZhambyl-2024» форумы өңірдегі ауыл шаруашылығының дамуына серпін береді - Ербол Қарашөкеев
- авторИндира Тәліпқызы
- 20 наурыз, 2024
- 672
«Жамбыл облысы - көп салалы аграрлық аймақ болып саналады. Облыс тұрғындарының 60 пайызы ауылда тұрады, басты кәсібі де ауыл шаруашылығы саласы. Сондықтан «KazАgroZhambyl-2024» форумы өңірдің ауыл шаруашылығының дамуына имульс береді деп ойлаймын. Себебі, бұл форум аясында тұқым шаруашылығы мен ауыл шаруашылығын дамыту бойынша ең өзекті мәселелер талқыланады. Бұл форумға алыс-жақын шетелден кәсіпкерлер, инвесторлар келді. Біз бұл азаматтармен қоян-қолтық жұмыс істеуге дайынбыз», - облыс әкімі.
Сондай-ақ Ербол Қарашөкеев бұл форум аймақтағы шаруалардың жұмысын ширатып, өзара бәсекелестікті арттыратынына сенім білдірді.
Естеріңізге сала кетейік, «KazАgroZhambyl-2024» форумына Қазақстан, Әзірбайжан, Өзбекстан ауыл шаруашылығы министрлері, Түркия, Қырғызстан вице-министрлері, ТМҰ Бас хатшысы, Венгрияның Алматы қаласындағы бас консулы, сондай-ақ Қытай, Нидерланд, Ресей және т. б. елдердің компанияларының өкілдері қатысып жатыр. Жиын қорытындысына сәйкес, стратегиялық келісімдер қабылданады деп күтілуде.
Ұқсас жаңалықтар
«Ауыл аманаты»жобасы аясында 4 мыңнан астам жоба қаржыландырылды
- авторМағжан Орынбасар
- 21 желтоқсан, 2024