Жамбыл жаңалықтар
«Конституция» есімді тараздық тұрғын референдумға қатысты
- авторБақытжан Бекболат
- Бүгін, 18:57
- 45
Тараз қаласында есімі ерекше азаматша тұрады. Азан шақырып қойған аты – Конституция. Дәл бүгін Ата Заңның атын алған Конституция Нартбаева саяси науқанның басынан табылып, өз таңдауын жасады.
Констиуция Орынқызы 1958 жылы дүниеге келген. Оның айтуынша, кеңестік кезеңде өмір есігін ашқан сәбиге сол тұстағы орын алып жатқан саяси науқанға байланысты есім беру сәнге айналған.
– Бұл есімді маған теліп қойғанына дән ризамын. Ата Заңымыздың атын арқалап жүргенде, дәл бүгін маңызды шарадан қалыс қалсам азаматтық ұстанымыма сын болар деп, алғашқылардың бірі болып өз таңдауымды жасадым. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Мемлекеттік маңызы бар құжаттың абыройы асқақтай берсін. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Заң мен тәртіп» қағидатын әрдайым отбасы-жақындарыма үгіттеп отырамын, – дейді Конституция Орынқызы.
Айта кетейік, Жамбыл облысындағы 513 референдум учаскесі сағат 20:00-ге дейін жұмыс істейді.
Келесі мақала




