жексенбі, 15 наурыз, 2026 20:50

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Референдум: Бақылаушылар оқыс оқиға болмағанын атап өтті

Референдум: Бақылаушылар оқыс оқиға болмағанын атап өтті
Ашық дереккөз
Жалпыұлттық референдумға тараздықтар да белсене қатысып жатыр.

Ал осынау аса маңызды саяси науқандағы дауыс беру барысын тәуелсіз бақылаушылар мұқият қадағалап отыр. Олардың айтуынша, таңертеңнен бастап дауыс беру үдерісі заңға сәйкес ұйымдастырылған, референдум учаскелеріне азаматтардың келу қарқыны жоғары және жаппай заң бұзушылық тіркелмеген. 

Мәселен, облыс орталығындағы №35 референдум учаскесінде бақылаушы, «Дауыс» қоғамдық бақылаушылар коалициясы өңірлік филиалының төрағасы А.Кадыркуловтың сөзінше, мұндағы жұмыс толықтай заңға сәйкес жүргізілуде әрі әрбір кезең бақылаушылар тарапынан қатаң қадағалануда. 

– №35 референдум учаскесінде «Дауыс» қоғамдық бақылаушылар коалициясы мен «Жастар» қоғамдық бірлестігінің бақылаушылары референдум барысын қадағалап отыр. Әзірге ешқандай олқылықтар орын алған жоқ. Жалпы алғанда, референдум қалыпты түрде өтіп жатыр. Бастысы, сайлаушылардың белсенділігі байқалады, – дейді А.Кадыркулов.

Естеріңізге салайық, Қазақстан аумағында сайлау учаскелері сағат 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Процедура әрбір азаматқа дауыс беру құқығын қауіпсіз әрі ыңғайлы жүзеге асыру үшін ұйымдастырылған. Өз кезегінде тәуелсіз бақылаушылар дауыс беру барысын тікелей қадағалап, кез келген сындарлы жағдай туралы жедел хабарлап, процесс ашықтығын қамтамасыз етеді.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар