сенбі, 23 қараша, 2024 6:13

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Құландық жігіттер ауылдастарын ажалдан аман алып қалды

Құландық жігіттер ауылдастарын ажалдан аман алып қалды
ашық дереккөзі
Құландық жігіттер ауылдастарын ажалдан аман алып қалды

17 қаңтар күн  Т.Рысқұлов ауданы Луговое кенті маңындағы тасжолда Меркі ауданы №9 өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары, азаматтық қорғау капитаны Бауырбек Мырзахан мен оның досы Жандос Утбекбаев ес-түссіз жатқан азаматшаны ажалдан аман алып қалды.

Жалпы оқиға былайша өрбіген. Өз жұмыстарымен кетіп бара жатқан екі жігітті тасжолда бейтаныс кісілер көмек сұрап, тоқтатады.  Көліктен түскен Бауырбек пен Жандос жолдың шетінде жеңіл автокөліктің жанында есінен танып жатқан жасы елулер шамасындағы әйел адамды көреді. Оның жанындағы кісілер шарасыздықтан абдырап жүргенін байқайды. Осы кезде Бауырбек әйелдің қарысып қалған жағын сыр бояйтын таяқшамен күштеп ашып, тілін ішке жұтып қоймауы үшін жанталасады. Мұнан әрі әйелді бір қырынан жатқызып, жедел жәрдем қызмет келгенге дейін қадағалап, медицина қызметкерлеріне тапсырады.

Кейіннен анықталғандай әлгі әйел отбасымен бірге көрші ауылға жұмыспен кетіп бара жатқан. Ал әлгі азаматшаның талма ауруы диагнозы бар болып шыққан. Егер дер кезінде жедел көмек көрсетілмесе, оның қандай күйде болатынын елестетудің өзі қиын еді.

Анасын ажалдан алып қалған жігіттердің жедел әрекетіне риза болған қызы Жамбыл облысы ТЖ департаменті бастығының атына алғыс хат жолдаған. Алғыс хатта «Төтенше жағдайлар саласында осындай білікті азаматтардың жұмыс атқаратындығына ризашылығын білдіретіндігін айтқан. Сондай-ақ адам өмірін құтқару жолындағы еңбектеріне тілектес екендігін білдірген.

 width=
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар