Мекеме қызметкерлері тәжірибе алмасты
Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №59 мекемесінде ағымдағы жылдың 16 ақпанында басқа мекеме психологтарымен мекемеде ұсталатын сотталғандармен практикалық, әдістемелік көмек көрсету, аутоагрессивті және дивиандық мінез-құлқының алдын алу мақсатында топтық және жеке іс- шаралар өткізілді.
Атап айтқанда “Қиын өмірлік жағдайлардан шығу жолдары”, “Жағымсыз сезімдермен қалай күресу” атты дәрістер,
“Өз мінезімнің жағымды жақтары”, “Өз отбасы мүшелерін гүл түрінде суретте”, “ Менің көңіл-күйім” атты арт-терапия,
“Үнді ертегісі” атты ертегі терапиясы,
“ Мен кіммін”, “Суреттерді аяқта”, “Менің отбасым” атты проективті методикалар және бейнероликтер көрсетілді.
Сондай-ақ облыстық мекемелердің психологтарымен өзара қимыл жасау, тәжірибе алмасу- кәсіби қажеттілікті дамыту арқылы үздіксіз білім жетілдіруге, дамуға, шыңдауға үлес қосылды.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
БҚО-да самбо жаттықтырушысы шәкірттерін ұрып-соққан
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл жаңалықтар
Жамбылда 8 мәдениет нысаны ел игілігіне беріледі
- авторМағжан Орынбасар
- 14 қараша, 2024