сәрсенбі, 6 қараша, 2024 0:08

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Мектептердегі бейне-бақылау камералары бір орталықтан бақыланады

Мектептердегі бейне-бақылау камералары бір орталықтан бақыланады
ашық дереккөзі
Мектептердегі бейне-бақылау камералары бір орталықтан бақыланады
Облыс әкімі Б.Сапарбаев Тараз қаласының бірқатар білім мекемелері мен ішкі істер департаментінде болып, оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйелерімен танысты. Өңір басшысы алдымен №7 мектеп-гимназияға барып, жаңадан орнатылған  турникеттермен танысты. Енді оқушылар турникеттерді «Tulpar Card» картасы арқылы пайдаланып, ішке кіріп-шыға алады. Мұнда 10 бейне-бақылау  камерасы бар. Облыс әкімі «Дабыл» қондырғысы мен бақылау нүктесін іске қосу неліктен кешігіп жатқанын сынға алды. Бұл білім беру ошағының ішкі-сыртқы безендірілуі,  QR код арқылы жұмыс істейтін карта, фойедегі кітап сөрелеріне көңіл бөлді. Бердібек Сапарбаев мектеп-гимназия музейін де аралап, 8-сынып оқушыларының сабақ барысымен танысты. Онда қазақ тілі сабағына ден қойған  оқушылардың  жағдайын, оқу үлгерімдерін, үйірмелермен қамтылу мүмкіндіктеріне назар аударды. Келесі кезекте облыс әкімі  №51 орта мектепте болды. Мектеп директоры Бақыт Сапаралиева былтыр бұл мектептен 1 «Алтын белгі», 7 ерекше аттестат иегерлері шыққанын, 1400 оқушы білім алатынын айтып өтті. Оқу ордасының кіре берісіне де балалардың қауіпсіздігі үшін турникеттер орнатылған. Дегенмен, «Tulpar Card» картасы 481 оқушыда ғана бар болып шықты. Облыс әкімі мектеп түлектеріне арналған бұрышты көріп, «Түлек кз» сайтына 800 түлектің  тіркелгенінен хабардар болды. Мектептегі 32 бейне-бақылау камерасы Тараз қаласы полиция басқармасының жедел басқару орталығына қосылған. Аймақ басшысы мектептегі 150 орындық асхананы,  спорт залды  аралап көрді. Оқушылардың көпшілігі «Tulpar Card» арқылы тамақтанады екен. Облыс басшысы жауаптыларға, мектеп директорына мектептің іші-сыртын безендіріп, белсенді жұмыс жүргізуді тапсырды.                            Мұнан соң Бердібек Сапарбаев облыстық  Тараз қаласы полиция басқармасы жедел басқару орталығына барды. Облыстық полиция департаментінің басшысы Жанат Сүлейменов бүгінгі күні Тараздағы 10 мектепте орналасқан 60  бейнекамера бір орталықтан бақыланып отырғанын айтты. Облыс әкімі өзінің орынбасары Дәулет Кәрібекке Тараздағы, жақын аудандардағы мектептердің бейне-бақылау камераларын осы орталыққа қосу жұмыстарын жеделдетіп ұйымдастыруды, өзге де жауаптыларға оқушылардың қауіпсіздігі үшін барлық жағдайды жасауды тапсырды.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар