
Бүгін Мырзатай ауылдық округінде 120 орындық жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Өз кезегінде облыс әкімі ауыл тұрғындарын қуанышымен құттықтап, өңірдің мәдениет саласында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.
- Тәуелсіздік жылдарынан бері ұлттың рухани иммунитетін қалыптастыратын, құндылықтардың дамуына, сақтауға мемлекет тарапынан көп көңіл бөлініп келеді. Бүгінде ауданымызда 40-қа жуық мәдениет ошағы бар. Әрбір мәдениет ошағы-ұлт өнерінің көмбесі, ұлт мұрасының ордасы.
Алдағы уақытта Ақжар, Ақшолақ, Базарбай ауылдарында мәдениет ошақтары салынатын болады. Осылайша ауданымыздағы барлық елді мекендер мәдениет нысандарымен 100 пайыз қамтылатын болады, - деді аймақ басшысы.
Бұдан соң жаңа нысанның лентасы қиылып, қонақтар мен ауыл тұрғындары соңғы үлгідегі озық технологиямен жабдықталған мәдениет ошағымен танысты.
Байзақ ауданы әкімдігінің сәулет, қалақұрылысы және құрылыс бөлімі КММ-сі тапсырысы аясында құрылысын мердігер «Ник Тараз» ЖШС жүргізген ғимараттың жобалық құны 266 911,5 мың теңгені құраған. Онда 6 қызметкер, 4 үйірме яғни, «Сымбат» ән үйірмесі, «Аяулы әжелер» үйірмесі, «Сөз патшасы» мәнерлеп оқу үйірмесі, «Балауса» би үйірмесі жұмыс істейді. Жалпы аумағы 547 м² құрайтын нысан елді мекендегі тұрғындардың игілігіне қызмет көрсететін болады.
Ұқсас жаңалықтар
Тараз қаласы әкімі аппаратының басшысы тағайындалды
- авторБақытжан Бекболат
- 14 шілде, 2025
Жамбыл облысында 43°С-қа дейін аптап ыстық болады
- авторБақытжан Бекболат
- 14 шілде, 2025