дүйсенбі, 18 қараша, 2024 13:37

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Нұржан Нұржігітов: Ерекше қажеттілігі бар балаларға сапалы қызмет көрсетуге тиіспіз

Нұржан Нұржігітов: Ерекше қажеттілігі бар балаларға сапалы қызмет көрсетуге тиіспіз
ашық дереккөзі
Нұржан Нұржігітов: Ерекше қажеттілігі бар балаларға сапалы қызмет көрсетуге тиіспіз
Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте бірқатар мәселелер қаралды. Аймақ басшысы алдымен 5-маусым күні жалпыхалықтық референдумның ойдағыдай өткеніне, оның нәтижелеріне қысқаша тоқталып, белсенді атсалысқан барша жамбылдықтарға алғысын айтты. Жергілікті атқарушы органдардың халықпен кері байланысы бойынша алғашқы боп сөз алған облыс әкімінің кеңесшісі Нұрмухаммед Ниязбеков көптен бері әлеуметтік желілерде көтеріліп, шешімін таппай жүрген мәселелерге тоқталды. Облыс әкімінің баспасөз қызметінің жетекшісі Данияр Асқарұлы аудан әкімдіктері мен салалық басқармалардың жергілікті және республикалық БАҚ-пен байланысына жүргізілген талдау қорытындысын баяндады. Сол секілді, «Жамбыл облысы бірыңғай диспетчерлік қызметі» КММ-нің басшысы Бақкелді Тұрсынбек түскен өтініштерге жауап берілу барысын хабарлады.
- Біз өзіміздің атқарып жатқан жұмыстарымызды, оң көрсеткіштерімізді бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, әлеуметтік желілерде көрсете білуіміз қажет. Тұрғындар көтерген мәселелердің шешу жолдарын қарастырып, өтініштерге дер кезінде әрі сапалы жауап беру маңызды. Алты айдың қорытындысымен бұл бағытта жұмысы нәтижесіз басшыларға тиісті шаралар қабылдайтын боламыз,-деді Нұржан Нұржігітов.
Басқосудағы екінші мәселе инклюзивті білім беру бойынша білім басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы Айдын Досыбаева сөз алып, мүмкіндігі шектеулі балаларды ерте анықтау, сүйемелдеу, біліммен және тәрбиемен қамту жағдайларына тоқталды.
- Биылғы оқу жылында ерекше білім алуды қажет ететін 7898 бала анықталған. Оның ішінде 2 786 баланың мүгедектігі бар. 7 898 баланың 3463-і мектеп жасына дейінгі, 4435-і мектеп жасындағы балалар. Оның 81 пайызы біліммен және тәрбиемен қамтылды,-деді А. Досыбаева.
Бүгінгі таңда облыстағы 444 жалпы білім беретін мектептің 392-інде, 431 мектепке дейінгі мекемелердің 251-інде инклюзивті білім, тәрбие беру үшін жағдай жасалған. Соңғы екі жылда 4 239 бала түзету-оңалту көмектерін алған. Ерекше қажеттілігі бар балаларды әлеуметтік бейімдеу мақсатында облыстың білім беру ұйымдарында 2018-2021 жылдар аралығында «Дара», «Қамқорлық», «Болашақ» секілді тағы да басқа республикалық қайырымдылық қорларының қолдауымен 5 ресурстық және инклюзивті қолдау кабинеттері ашылды. Сондай-ақ,  «Асыл Мирас» қорының қолдауымен Тараз қаласында  300 орындық Аутизм орталығы ашылып, материалдық-техникалық базасы қалыптасты. Облыс әкімі бұл бағытта көрсетілетін қызметтердің сапасына, педагогтардың кәсібилігіне барынша ден қою керектігін ескертті.
- Баяндамада айтылғандай бәрі жақсы болса, ата-аналар балаларын неге жекеменшік мекемелерге апарады? Ең біріншіден кадрлардың кәсіби деңгейін көтеруге, сол арқылы көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға тиіспіз. Мемлекет тарапынан жағдайлар жасалуда. Қажетті қаражаттар қарастырылуда, тек жұмысты нәтижелі ұйымдастыра білу маңызды. Біз ерекше қажеттілігі бар балаларды 100 пайыз тәрбие және біліммен қамтуға қол жеткізу керекпіз,-деді аймақ басшысы.
Жиында денсаулық сақтау, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары тарапынан атқарылып жатқан шаралардың да есебі тыңдалды. Нұржан Нұржігітов бұл бағытта жұмыс жасайтын мекемелердің қызмет сапасына, техникалық базасына, балалардың қамтылу көрсеткішіне жан-жақты талдау жасап, белгілі бір жүйені қалыптастыру бойынша жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктеді. Жекеменшік орталықтарға қолдау көрсетудің маңыздылығын да баса айтты. Аймақ басшысы аудандар мен Тараз қаласында орналасқан мекемелер мен орталықтардың басшыларынан жауаптар алып, олардың жағдайларына қанықты. Басқосу барысында ерекше қажеттілігі бар балалар үшін облыста барлық талаптарға сай келетін арнайы үлкен орталық ашу мәселесі көтерілді, ол бойынша жауапты басқармалар тиісті ұсыныстарды әзірлейтін болады.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар