жұма, 15 қараша, 2024 11:43

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Нәтижелі жұмыспен қамту – мамандар дайындаудан басталады

Нәтижелі жұмыспен қамту – мамандар дайындаудан басталады
ашық дереккөзі
Нәтижелі жұмыспен қамту – мамандар дайындаудан басталады
Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен кеңесте «Дипломмен-ауылға!» бағдарламасының орындалуы және вакцинация жұмыстарының барысы қаралды. Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша баяндама жасаған экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлдана Жауынбекова ағымдағы жылы 515 маманға бір жолғы жәрдемақы төлеуге 150,5 миллион теңге қарастырылғанын айтты.  Оның 127-сі  денсаулық сақтау саласында, 215-і білім, 13-і әлеуметтік қамсыздандыру, 32-сі мәдениет, 32-сі спорт, 55-сі агроөнеркәсіп саласындағы жас мамандар болса, 41-і мемлекеттік қызметкерлер. Ағымдағы жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 351 маманға 102,5 миллион теңге төленген. Ал, 192 маманға тұрғын үй сатып алуға немесе салуға жалпы 836,5 миллион теңге көлемінде несие берілген. Сонымен қатар, Г.Жауынбекова «Дипломмен - ауылға!» бағдарламасына қатысушылардың берешектері туралы айта келе, 2019 жылдың 1 қыркүйектегі жағдаймен салыстырғанда борышкерлер саны 174 -ке азайғанын тілге тиек етті. Әлеуметтік сала басшылары, аудан әкімдері кадрлар дайындау және жас мамандарды тарту жұмыстарындағы мәселелерге тоқталды.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар