жексенбі, 6 қазан, 2024 10:25

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстанда ет қымбаттады

Қазақстанда ет қымбаттады
ашық дереккөзі
Қазақстанда ет қымбаттады
Қазақстанда биылғы сегіз айда ет бағасы 7,4 пайызға өсті
0
Бұл туралы energyprom.kz сайты мәлім етті. Қой еті 14,6 пайызға қымбаттаған. Сондай-ақ, жылқы еті бағасының едәуір өсуі байқалды - 9,4 пайыз. Сиыр еті 7,8 пайызға, құс еті 3,2 пайызға қымбаттаған.
Тамызда дүкендер мен базарларда сиыр етінің бір келісі үшін орташа алғанда баға 2,2 мың теңге шегінде құбылып отырды. Жылқы етінің құны бір келісі үшін 2,5 мың, қой еті - 2,4 мың теңге.
Статистикаға сүйенсек, қаңтар-тамызда ет өндірісі 43 мың тонна болды, бұл былтырғы 8 айдағы көрсеткіштен 4,6 пайызға аз. Құс етін өндіру, керісінше, 4,3 пайызға артып, 71,6 мың тоннаға жетті.
Сондай-ақ, бағаның қымбаттауынан кейін елде ет тұтыну азайған. Бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша қой етін тұтыну жан басына шаққанда 10,6 пайызға - 2,5 келіге дейін, тауық етін тұтыну 4,4 пайызға - 2,2 келіге дейін қысқарған. Сонымен бірге сиыр етін тұтыну тіпті жан басына шаққандағы орташа есеппен 0,9 пайызға 11,8 келіге дейін өсті.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар