дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 8:20

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Нан бағасы 500 теңге болу керек». Депутат ауыл шаруашылығы өнімдерін қымбаттату керектігін айтты

«Нан бағасы 500 теңге болу керек». Депутат ауыл шаруашылығы өнімдерін қымбаттату керектігін айтты
Коллаж: jambylinfo.kz
Оның сөзінше, қазір ас атасы арзан болғандықтан, қоқыста жатады

Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты Мейрамбек Дөненбаев ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасын шарықтатуды ұсынды. Халық қалаулысы нан бағасы 500 теңге болуы керектігін айтты, деп жазады  jambylinfo.kz.

Депутаттың сөзінше, қазір нан бағасы тым арзан. Ал, құны төмен азықтың қадірі болмайды. Сондықтан тойханаларда тойынған жұрттан қалған ас атасы қоқыста жатады дейді ол. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдаудың басты тетігі бағаны өсіру екендігін атап өтті. 

"Шынымды айтсам, нан бағасы өте арзан. Мен өзім ауыл шаруашылығы тауарын өндірушісімін. Менің еккен бидайым қазір 100 теңгеден де өтпей жатыр. Сол үшін нанның құны кемінде 500 теңге болуы керек. Сонда біздің ауылдың жағдайы жақсарады. Мұны халықтың қалтасы көтереді. Өйткені қазір қоқыста басқа нәрсе емес, нан жатады. Шұжық, ет өнімдері жатпайды. Өйткені ол қымбат",- деді Мейрамбек Дөненбаев.

Дөненбаевтың өзге әріптестері бұл пікірге мүлде келіспейді. Мәслихат депутаты Бақытжан Қалымбетовтың сөзінше, дотациялық облыс үшін нанның 120 теңге болғанының өзі халықтың қалтасына салмақ салады. Ал, халық қалаулысы Жұмахан Тәңкебаев ас атасының 500 теңге болуына тіпті қарсы. 

"Нан бағасын 500 теңгеге қымбаттату артық болады. Неге десеңіз, қарапайым халық үшін бұл ауырлық етеді. 2 баласы бар үй үшін оңай болуы мүмкін. Бірақ 5-6 бала тәрбиелеп отырған көпбалалы отбасылар үшін бұл қиын. Қалтасына әжептәуір ауырлық түседі",  -деді Жұмахан Тәңкебаев.

 

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар