Шара "Таза Қазақстан" акциясының аясында өткен
Бүгін Тараздағы Ы. Дүкенұлы атындағы мәдениет үйінің жанында "Әуендер әлемі" аллеясында 100 әже немерелерімен бірге ағаш көшеттерін отырғызды, деп хабарлайды jambylinfo.kz
Мәдениет үйі маңында барлығы 100 шынар егілді. Сонымен қатар, аумақ абаттандырылды. Ш. Мұртаза атындағы мектеп гимназиясының ардагер-педагогі, "Даналық мектебі" клубының төрағасы Сәуле Таңатарова экологиялық акцияға қатысушыларға алғысын айтты.
"Біздің халқымызда ересектердің іс-әрекеті балаларға үлгі деп айтылады. Бүгін сіздер қоршаған ортаға қалай қамқорлық жасау керектігін, табиғатты қорғауды көрсеттіңіз. Бұл жастар үшін жақсы үлгі. Біздің басқа азаматтарымызды да қоғамдық істерде белсенді болуға шақырамын", - деді Сәуле Таңатарова.
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл жаңалықтар
«Ауыл аманаты»жобасы аясында 4 мыңнан астам жоба қаржыландырылды
- авторМағжан Орынбасар
- 21 желтоқсан, 2024