сенбі, 23 қараша, 2024 19:02

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Науқастардың 99 пайызы екпе алмағандар

Науқастардың 99 пайызы екпе алмағандар
ашық дереккөзі
Науқастардың 99 пайызы екпе алмағандар
Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев коронавирусқа байланысты ахуалдың күрделене түсуіне байланысты өңір тұрғындарына үндеу жолдады. Әкімнің айтуынша, облыстағы дертті жұқтырған науқастардың 99 пайызы вакцина салдырмағандар. Аймақ басшысының үндеуінің мәтіні Facebook, Instagram әлеуметтік желідегі өзінің жеке парақшаларында жарияланды. «Өкінішке қарай, біздің аймақта эпидемиологиялық жағдай тез нашарлауда, коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны күн сайын артып келеді. Бұл жағдай жамбылдықтардың бетперде киюді доғарып, қашықтықты сақтауды тоқтатуына байланысты өршіп тұр. Кей жерлестеріміз үйлену тойларын, мерейтойларды және басқа да іс-шараларды адамдар көп жиналатын жерлерде өткізіп жатыр. Шектеу шараларына қарамастан, оқу орындарының түлектеріне салтанатты іс-шаралар ұйымдастыру фактілері жиі кездеседі. Вирустың одан әрі таралуын болдырмау үшін біз азаматтарымыздың денсаулығын барынша қорғауымыз керек. Осы мақсатта Жамбыл облысында жаңа шектеу шаралары енгізіледі. Бұл барлық егжей-тегжейлі ақпарат бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жұртшылыққа жеткізіледі»,-делінген облыс әкімінің үндеуінде. Сондай-ақ, Бердібек Сапарбаев алдағы уақытта ойын-сауық мекемелері, спорт және мәдениет объектілері, базарлар мен қоғамдық көлік қосымша шектеулермен жұмыс істейтіндігін ескерткен. «Осы айтылған барлық қауіпсіздік шаралары, ең алдымен, сізді және сіздің жақындарыңыздың денсаулығын, өмірін сақтауға бағытталған. Жергілікті атқарушы органдар Жамбыл облысы бойынша Полиция департаментімен бірлесіп, ойын-сауық орындарында, қоғамдық орындарда карантин шектеулерінің сақталуын бақылауы тиіс. Тәртіп пен табандылықтың арқасында уақытша қиындықтарды жеңетінімізге күмәнім жоқ»,-деді аймақ басшысы. Облыс әкімі, азаматтарды карантин режимін, санитарлық талаптарды қатаң сақтауға шақырып, ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін короновирус инфекциясына қарсы вакцинацияның маңыздылығы туралы тағы да еске салып өтті. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, жалпыға бірдей вакцинация – бұл қалыпты өмірді қалпына келтірудің және адамдардың денсаулығын сақтаудың жалғыз жолы», - деп түйінделген Б. Сапарбаевтың жамбылдықтарға жасаған үндеуі.  
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар