Жамбыл жаңалықтар
Наурызнама: «Ұлттық киім – ұлт мақтанышы» атты челлендж өтті
- авторМағжан Орынбасар
- 18 наурыз, 2025
- 71

Челленджге қаланың белсенді жастары қатысты
Наурызнамадағы Ұлттық киімдер күнінде тараздық жастар челлендж ұйымдастырды,- деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Бүгін, Тараз қаласының әкімдігінің ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы»-ның ұйымдастыруымен «Ұлттық киім – ұлт мақтанышы» атты челлендж өтті.
Іс-шара «Тараз Теміржол» вокзалы, Mart сауда орталығы мен Қ.Рысқұлбеков атындағы саябақ аумағында ұйымдастырылды.
Мұндағы мақсат – ұлттық киімдердің маңыздылығы мен тарихы туралы ақпарат беру арқылы жастарды халық мәдениетіне қызықтыру. Ұлттық киімдердің заман талабына сай сәнге айналып, заманауи стильдермен үйлесімді болуы мүмкін екенін көрсету. Ұлттық киімдерімізді кеңінен танытып, болашақ ұрпаққа насихаттау мақсатында өткізілді.
Челленджге қаланың белсенді жастары қатысты.