Солтүстік Қазақстан облысында 170 адам пәтер сатып алғаннан кейін де тұрғын үй кезегінен шығарылмаған
- авторjambylinfo.kz
- 18 наурыз, 2025
- 70

Тексеру барысында Аққайың, Айыртау, Ақжар, Есіл, Уәлиханов, Тимирязев аудандары, Шал ақын ауданы мен Петропавл қаласының жергілікті атқарушы органдары жалға берілетін тұрғын үй үшін ай сайынғы төлемді өндіріп алмағаны белгілі болды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Мемлекетке келтірілген шығын 72 миллион теңгеден асқан.
Сондай-ақ, кейбір аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімдері 170 азаматтың өз меншігіне баспана сатып алғанына қарамастан, оларды мемлекеттік тұрғын үй кезегінен шығармаған.
Бұл заңбұзушылықтар бойынша Айыртау ауданы әкімінің орынбасары да жауапкершілікке тартылды. Жалға беру төлемдері бойынша 2,3 миллион теңге қайтарылып, қалған қарызды өндіру жұмыстары жалғасуда.
Петропавл қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінде баспана кезегінде тұрмаған азаматтарға жалдамалы тұрғын үй заңсыз берілгені анықталды. Прокуратура сотқа екі талап-арыз жолдап, нәтижесінде жалдау келісімшарттары жарамсыз деп танылып, пәтерлерді заңсыз иеленгендерден босату туралы шешім шығарылды.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз