сәрсенбі, 4 наурыз, 2026 19:18

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Назарбаев Зияткерлік мектебінде алғаш рет «Dombyra Battle» күй байқауы өтті

Назарбаев Зияткерлік мектебінде алғаш рет «Dombyra Battle» күй байқауы өтті
Фото - ашық дереккөз
Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Dombyra Battle» – қазақ күй өнерін ұлықтап, болашақ таланттарды анықтауға бағытталған маңызды бастама.

Тараз қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі-інде «Dombyra Battle» атты күй байқауы ұйымдастырылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Аталған шара ұлттық өнерді дәріптеуге, күй өнерінің мәртебесін арттыруға және жас дарындардың шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған мәдени жоба болды. Мектеп қабырғасында алғаш рет өткен күй сайысы дәстүр мен жаңашылдықты ұштастырған ерекше форматымен көпшіліктің назарын аударды.

Байқаудың салтанатты ашылуында «Нұр» бишілер ансамблі өнер көрсетіп, кештің шымылдығын түрді. Ұйымдастырушылар бұл бастама алдағы уақытта дәстүрлі түрде жалғасатынын атап өтті.

Күй сайысы екі кезең бойынша өтті. Бірінші кезеңде қатысушылар төкпе күй орындаса, екінші кезеңде импровизация арқылы өздерінің шығармашылық шеберлігі мен сахналық мәдениетін көрсетті. Өнерпаздардың орындаушылық деңгейі, техникалық нақтылығы және көркемдік шешімі әділқазылар алқасы тарапынан бағаланды.

Жарыс қорытындысы:

І орын – Махмуджан Ерболат (NIS)
ІІ орын – Дінмұхаммед Бейбіт (NIS)
ІІ орын – Әділет Жандулла (Оқушылар сарайы)
ІІІ орын – Ескендір Омарбек (NIS)
ІІІ орын – Нұрсұлтан Нуриддин (Дарын лицей-интернаты)

Шара соңында жеңімпаздар арнайы дипломдармен және жүлделермен марапатталды. 

Бөлісу:
Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар