сенбі, 23 қараша, 2024 19:39

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Облыс әкімдігінде БАҚ кеңесі өтті

Облыс әкімдігінде БАҚ кеңесі өтті
ашық дереккөзі
Облыс әкімдігінде БАҚ кеңесі өтті

Облыс әкімінің орынбасары Ержан Жылқыбаевтың төрағалығымен облыс әкімдігі жанындағы бұқаралық ақпарат құралдары жөніндегі кеңес отырысы өтті. Жиында алдымен облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасының басшысы Дауыл Бейсенқұлов әкімдік басқармалары мен жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік ақпараттық саясат саласында атқарған жұмыстарына жасалған зерделеу қорытындысын баяндады. Дауыл Ынтықбайұлының айтуынша, өңірде ресми тіркелген 82 бұқаралық ақпарат құралдары болса, оның 53-і мерзімді басылым, 39-ы газет, 14-і журнал, 2-і телеарна, қалғаны ақпараттық сайт агенттіктері. Осы ақпарат көздері арқылы өңірде жергілікті атқарушы органдардың қызметіне қатысты жарияланған сын материалдардың кейбіріне жауап қайтарылмапты. –Жалпы ақпарат көздерінде біздің өңірімізге қатысты 310 сын материал жарияланды. Оның ішінде 173-і республикалық, 137-і жергілікті БАҚ-та жарық көрді. Соның 156-сы телерналарға тиесілі болса, басылым беттерінде 126, интернет ресурстарында 27 материал жарияланған. Осы материалдардың 98-іне әлі күнге дейін жауап берілген жоқ. Соның 38-інде Тараз қаласының жергілікті атқарушы органдарының қызметі сыналған, бірақ жауап берілмеген. Мұндай мәселе барлық ауданға тән. Негізінен көтерілген мәселелердің дені тұрғын үй, жер теліміне қатысты түйткілдер мен коммуналдық шаруашылық қызметтері жайында, – деді Д.Бейсенқұлов. Басқосуда облыс әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Құлкеев, облыс әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының басшысы Рахия Тұрмаханбетова, Тараз қаласы әкімінің орынбасары Алмас Садубаев, Жуалы ауданы әкімінің орынбасары Е.Қалмырзаев мемлекеттік ақпараттық саясат саласында атқарылған жұмыстар жайын баяндады. Өз кезегінде Ержан Жұматұлы БАҚ-та жарияланған сын материалдарға және әлеуметтік желідегі жұртшылықтың өтінішіне жауап бермеу «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына қайшы келетінін атап өтті. Сондай-ақ тұрғындар тарапынан Тараз қаласы әкімінің блогына жолданған 163 өтініштің 83-не жауап берілмегенін сынға алды. Халықпен кері байланыс орнатуда мәселе туындатпау керектігін, сол үшін өтініштер мен сауалдарға дер кезінде жауап беру қажеттігін ескертті. Бұдан бөлек оқырман, көрермен тартуда басылым және телеарналарда тың жобалар мен соны идеяларды жүзеге асыру жайына тоқталды. Өз кезегінде Елен Әлімжан сынды зиялы қауым өкілдері мен жергілікті БАҚ басшылары тақырып аясында өз ұсыныстарын ортаға салды.

  Кәмшат ҚАДЫР
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар