Жамбыл жаңалықтар
Облыс әкімінің орынбасары Берік Нығмашев бастаған делегация жұмыс сапарымен Өскеменге барды
- авторjambylinfo.kz
- 26 қаңтар, 2021
- 271
Облыс әкімінің орынбасары Берік Нығмашев бастаған делегация жұмыс сапарымен Өскеменге барды
Облыс әкімінің орынбасары Берік Нығмашев бастаған делегация жұмыс сапарымен Өскеменге барды, деп хабарлайды http://Jambylinfo.kz
Жамбылдық делегация сүт өнімдерін шығаратын «Восток-Молоко» серіктестігінің және бал өндіретін «Пасека Терещенко-1» агроқұрылымының жұмысымен танысты.
Жаңа технологияларды қолдана отырып сүтті өндіру және өңдеу саласы бойынша жетекші орынға ие «Восток-Молоко» серіктестігі мемлекеттік стандартқа сай өндірілетін дәстүрлі сүт өнімдерін шығарады. Сүт сақтау және салқындату пункттері заманауи контейнерлермен жабдықталған.
2016 жылы кәсіпорын аймақтық және республикалық «Қазақстанның үздік тауары» байқауында «Үздік азық-түлік тауары» номинациясы бойынша жеңімпаз атанған.
Жалпы Қазақстандық сүт өнімдері шет елдерде аса жоғары бағаланады. Сүт пен кілегейдің экспорты бір жылда біржарым есе өскен. Сондықтан отандық өнімнің көлемін арттырып, жұмысты күшейту керектігін алға тартты мамандар. Егер ірі қараның санын арттырар болсақ, жұмыс орындары да көптеп ашылар еді дейді Берік Нығымашев.
Жалпы өңірімізде ауыл шаруашылық саласында оң өзгерістер орын алып, өнім өткен жылмен салыстырғанда едәуір артты. Мәселен, егістік алқабы 48 мың гектарға ұлғайды. Елімізден өзге елдерге 1246 тонна ет экспортталды. Және де облыста балық шаруашылығы қарқынды даму үстінде. Нәтижесінде ауыл шаруашылығы 2020 жылы 382 млрд теңгенің өнімін өндірді.Өз кезегінде облыс әкімінің орынбасары Берік Нығымашев алдағы уақытта басқа да жоспарларды қолға алып, өнімнің көлемін арттыруды баса айтты.
Өңіраралық ынтымақтастықты дамыту және өзара тәжірибе алмасу мақсатындағы іссапар екі күнге жоспарланған.
Бүгін жамбылдық делегаттардың бір тобы бал ара шаруашылығы бойынша өткен конференцияға қатысса, екінші тобы егін, тұқым және мал шаруашылығы бағытындағы нысандарды аралап, тәжірибе алмасты.
Сондай-ақ, облыс әкімінің орынбасары Берік Нығмашев пен Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ержан Нұрбаев ауыл шаруашылығын дамыту бойынша жасалған екі жақты Меморандумға қол қойса, екі облыстың шаруа қожалығы басшылары тұқым шаруашылығын дамыту мақсатында бірлескен шаруашылық құру туралы келісімге келді.
Нұлдаулет АСАН
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала